
Руханият • 15 Сәуір, 2019
Түркі сарынын толғаған «Тұран»
Халық әндеріне тербеліп өскен біз анда-санда көмекей әнін естіп қалсақ, тар өкпені толтыра, ұзын өңешті қуалай шыққан қарлығыңқы дауыстың я жат, я жақын екенін қапелімде ажырата алмай тұрғанда, көне заманның қойнауындағы көк түріктің үні құлағымызға талып жеткендей тамыр-тамырда қалғып кеткен ескі ақпараттың бәрі біртіндеп оянып, арқаландыра бастайтынын тұла бойымызбен сезінетініміз бар.
Руханият • 09 Сәуір, 2019
«Сотталған» әндер авторын тапса игі
Авторлары ұмытылып қалғандықтан халық әні аталып кеткен немесе біреудің әнін екінші композиторға апарып телу, авторы белгілі бола тұра, иесіне қайтаруға асықпау, осыған байланысты музыка зерттеушілері мен жанашырлары арасында талас-талқының дүркін-дүркін туындап тұруы ән өнерінде бұрыннан бар үйреншікті жайтқа айналған.