
Өнер • 31 Қаңтар, 2023
Абай атындағы Ұлттық опера және балет театрының жетекші әншісі Зарина Алтынбаева «Русалка» операсынан Русалка ариясына түсірілген жаңа бейнефильмін жарыққа шығарды.
Өнер • 29 Қаңтар, 2023
«Ата жауыммен аспанда жүріп айқассам» деген арманын тас-талқан етіп, тұла бойында тұнып тұрған талантын театрға барып ашсын дегендей, әу бастан әртіс жасауға тағдырдың өзі бейімдеп алған ба дерсің. Алматының жота тұсын жоғары өрлей жатқан «Горный гигант» аталып кеткен Қамыссай ауылында өмірге келіп, №12 мектепті бітірген жылы соғыс басталады. Аэроклубта дайындық курсынан өтіп, Ташкент ұшқыштар училищесіне оқуға түсіп, әскерге дайындығын бастайды.
Өнер • 24 Қаңтар, 2023
Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің және Н.Тілендиев атындағы мемлекеттік академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мүсілім Әмзенің қазақ оркестрі мен дирижерлық өнердің дамуына үлес қосқан майдангер композитор, дәулескер күйші, дарынды дирижер Мәлік Жаппасбаевтың шығармашылық өмірбаяны туралы тың дерек пен тарихи құжаттарға сүйеніп жазған «Мәлік Жаппасбаевтың музыка мұрасы» зерттеу еңбегінің таныстырылымы болып өтті.
Өнер • 24 Қаңтар, 2023
Зеллер пьесасы және бүгінгі сахна
Француз драматургінің отбасы құндылығын биіктетуге үн қосқан спектаклі өз уақытында Парижде, Лондонда, Нью-Йоркте, Мәскеуде, Сиднейде, Гонконг театрларында қойылып, драматургияның ірі табысы ретінде бағаланып, күні бүгінге дейін режиссерлер қауымын қызықтырумен келеді екен. Әлемді адымдап жүріп қазақ елінің сахнасына да жеткен Флориан Зеллердің атақты пьесасының желісімен «Жан әке» атауын иеленіп, М.Әуезов атындағы Ұлттық драма театры жарыққа шығарған бетте «жақсыны көрмекке» деп ағылған көрермендер қатарынан біз де орын алуға қамдандық.
Әдебиет • 22 Қаңтар, 2023
Алғаш пайда болғанда «жаңа жанр», «жас жанр» деп сүйіншіленген фантастика жанры жұрттан қалмай, жылдарды артқа тастап өмір сүріп келе жатса да, сол бойы қазақ әдебиетінен қоныс таба алмаған күйі «жетілмеген жанр» болып дағдарыста қалғанын қиял-ғажайып туындыларды бір кісідей түсінемін дейтіндердің өзі теріске шығара алмайды.
Кино • 17 Қаңтар, 2023
Кино сәнді трендке айнала бастағалы аталған саладағы баяу қозғалатын тетіктерге жан бітіп, бар қуатымен қызметіне кірісуді мұрат тұтқан белсенділігі байқалады. Кинематографтың өркендеп, әрі қарай дамуы үшін тетіктердің серпінді жұмыс істеуі қажет те.
Руханият • 23 Желтоқсан, 2022
«Әдеби насихат пулы» жобасы – Қазақстан Жазушылар одағы мен Алматы қаласы мәдениет басқармасының бірігіп қолға алған игі шарасы. Оның мақсаты – мегаполистің әр аудандарында қаламгерлермен кездесулер ұйымдастырып, ұлттық болмысымызға негізделген рухани құндылықтарды дәріптеу болды.
Әдебиет • 22 Желтоқсан, 2022
Әдеби насихат – әлеумет назарында
«Әдеби насихат пулы» жобасы – Қазақстан Жазушылар одағы мен Алматы қаласы медениет басқармасының бірігіп қолға алған игі шарасы. Оның мақсаты мегаполистің әр аудандарында қаламгерлермен кездесулер ұйымдастырып, ұлттық болмысымызға негізделген рухани құндылықтарды дәріптеу болды.
Өнер • 15 Желтоқсан, 2022
Қазақстандық анимацияға биыл 55 жыл толды. Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы жанынан «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі жаңадан жасақталып, мультипликацияның жұмысы қайта жанданды.
Аймақтар • 14 Желтоқсан, 2022
М.Әуезов атындағы Ұлттық драма театрында Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әзілхан Нұршайықовтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Ақиқат пен аңыз» атты әдеби-сазды кеш болып өтті. Алматы қалалық әкімдігінің қолдауымен өткен салтанатты кеш жазушы шығармаларын сүйіп өскен жас-кәріні тұтас жинады.