
Өнер • 14 Қыркүйек, 2022
Ұлттық опера жаңа шығармалармен толығады
Тамыздың соңында Алматыдағы Арбат бойында, ашық аспан астында, алаңды толтыра көрермен жинап, үш күн бойы дүбірлеп өткен Оpenair концерті тағы да халықаралық ірі жобамен жалғасын тапты. Абай атындағы Ұлттық опера және балет театрының 89-маусымы халықаралық OPERALIA классикалық өнер фестивалімен қатар ашылып, жылдағы дәстүр бойынша «Абай» операсымен шымылдығын түрді.
Өнер • 06 Қыркүйек, 2022
Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде ашылған «Қытай өнері» көрмесі ғасырлар қатпарынан сыр шерткен бірегейлігімен маңызды. Қытай императорының жылына тек бір мәрте ғана киетін киімі қандай, қызыл-жасыл өрнегімен көз тартатын вазаларының тым биік болып келу себебі не, ксилография көшірмесін неліктен түпнұсқадан ажырату мүмкін емес, міне, қытай өнерінің көрмесін тамашалауға келген әр адам осы тектес сұрағының жауабына қанық болып, өзіне жұмбақ жәдігерлердің танымдық сипатына тереңдей алады.
Қоғам • 31 Тамыз, 2022
«IQ Алматы» бағдарламасы көрерменмен қайта қауышады
«Алматы» теларнасында қаладағы білімді оқушылар бақ сынайтын «IQ Алматы» интеллектуалды шоуы көрерменге қайта жол тартады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сұхбат • 26 Тамыз, 2022
Ғали Мырзашев: Анимация өнерінде кәсіби сыншы, білікті продюсер жоқ
Өнер • 25 Тамыз, 2022
Қуыршақ театрының қуанышы һәм мұңы
Басқа театрлармен салыстырғанда, Қуыршақ театрының іші құпияға толы ғажайып сарай секілді сырт адамның қызығушылығын оятатын қасиеті бар. Драма театрының әртісі бейнелеген образының жүгін өзі көтеріп, абырой-даңқын өзі иеленсе, Қуыршақ театрының актері өмір бойы жетелеген қуыршағының көлеңкесінде көрінбей жүреді. Қараңғыда қара киінген Қуыршақ театры әртісінің «адам» екені білініп қалса, бітті дей беріңіз, ғажайып күтіп отырған бала қиялының күл-талқаны шығады. Бірақ қуыршақпен жұмыс істейтін әртістер осы бір сәттік ғажайып үшін бүкіл өмірін арнауға бар.
Қазақстан • 23 Тамыз, 2022
Дизайнерге де жауапкершілік керек
Төңірегімізге көз салсақ, дизайн өнерінің кіріспейтін жері жоқ екен. Көліктің корпусы, өзге смартфондармен салыстырғанда жылдан-жылға сүйкімі артып бара жатқан «айфон», аяққа киетін «кроссовки» түрлерінің бірде «конверс», бірде «лофер», бірде «мокасин» болып құбылуы, теледидардың пульті, ғимараттардағы жазу, абаттанған аула, осының бәрі дизайнерлердің дамылсыз жұмысының нәтижесі.
Кино • 11 Тамыз, 2022
Режиссерлерге тең мүмкіндік берілуге тиіс
Қазақтар «Қасымханды» түсіріп, қоғамды қақ жарған қызу талқылаудың қоздаған шоғы сөнуге айналғанда, қырғыздар «Манастың уулы – Семетей» атты жаңа тарихи туындының тұсауын кесуге дайындалып отыр.
Қазақстан • 11 Тамыз, 2022
Ватикан басшысы Қазақстанға келеді
Биыл Қазақстан мен Ватикан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа 30 жыл толып отыр. 1992 жылы 15 ақпанда екі ел арасында нота алмасу жүзеге асырылып, 17 қазанда Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің ішінде және Азиядағы бірінші ел болып Ватиканмен ресми дипломатиялық қатынас орнатты. Сол жылы Қазақстанда Ватиканның дипломатиялық өкілдігі және Апостолдық нунциатюр ашылды. 1998 жылы Қазақстан мен Ватикан арасында өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Өнер • 09 Тамыз, 2022
Дүниесі түгенделмеген дүр-мәдениет
Қазақ қоғамындағы оң өзгеріс оның заманауи мәдениетіне де жаңа көзқарастың қажет екенін аңдатып отыр. Ал сапалы адам капиталын қалыптастыратын сан-салалы мәдениеттің эстетикалық керек-жарағы ешқашан түгенделіп бітпейді. Республика аумағында Мәдениет үйлерін, театрлар мен музейлерді есепке алғанда 7000-нан астам өнер ошағы бар. Бірақ атауы бір болса да, бұл мәдени мекемелердің бәрінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы бірдей емес. Республикалық маңызы бар өнер ұжымдары Мәдениет және спорт министрлігіне қараса, жергілікті деңгейдегі Мәдениет үйлерінің жұмысына облыстық, аудандық әкімдіктер жауапты. Шекарасы айқындалғанымен, шенеуніктері бір-біріне сілтеп, ақыр аяғы шешілмеген шаруасы шаш-етектен болып, мойнынан малтығып қалатын мәдениеттің өзі.
Қоғам • 08 Тамыз, 2022
Балалар бәсекелестігіне байыппен қарасақ...
Қазақстандық балалар тек телевизиялық ән байқауларынан ғана емес, халықаралық өнер жобалары мен шоу концерттерден де бой көрсетіп жүр. Телефонымызға «немерем байқауға қатысып жатыр еді, мына сілтемеге өтіп, дауыс берсеңіз, бағы жанғалы тұр» деген сарындағы смс-өтініш хабарламалар жиі түсіп жатады.