Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ
Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
427 материал табылды

Қоғам • 16 Мамыр, 2022

Киногерлер ағаш отырғызды

Топырақтың құнарын арттырып, ауаны тазартатын, жазда сая, қыста қамсау болатын көкжелектің қасиеті көктемнен бастап білінеді. Көктемдегі игі дәстүр, қайырлы істің бірі – тал егіп, ағаш отырғызу. Бұрыннан да көрікті жерді көгалдандыра түсіру мақсатымен жақында «Қазақфильм» киностудиясының аумағына еліміздің белгілі киногерлері ағаш отырғызып, сауапты іс жасады.

Өнер • 11 Мамыр, 2022

Өнері өміріне айналған

Әр ойнаған рөлі ұлттық сахна өнері мен отандық кинематографияның қалыптасуына қызмет етіп, мәдениетіміздің ірі табысына айналған Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Асанәлі Әшімов 85 жылдық мерейтойын атап өтті. Өмірінің маңызды кезеңін халқымен бірге атап өтудің игі дәстүрін қалыптастырған сахна серкесінің бұл жолғы мерейтойының ұйымдастырылу пішіні өзгеше болды. Драма өнерінің барлық жанрын бағындырып, трагедиялық, комедиялық кейіпкерлердің алуан түрлі образын жасаған сахна саңлағы бұл жолы «Өнерім – өмірім» атты интерактивті спектакльдің басты қаһарманына айналды.

Кино • 09 Мамыр, 2022

Жаудың үрейін ұшырған «Саша қазақ»

Қазақстан кинемато­гра­фия­сындағы басты шын­дықтың бірі – ерлік пен отаншылдықты дәріптеуді мақсат тұтқан көркем кар­тиналарда ұрыс дала­сын­дағы ұлы ерлікті көрсететін қиян-кескі шайқасты әс­кери дәлдікпен сенімді су­реттеу тәсілі кемшін. Ә­с­кердің әлеуетін, соғыс­тың сұмдығын арнаулы та­қырып етіп жанрлық, ав­тор­лық картиналар түсі­ру­­ге мұқтаждық әлі ту­ма­­ған да болуы мүмкін, бі­рақ кинорежиссурадағы осы кемшілік соғыс тақы­р­ы­бына арналған ат төбе­лін­дей аз ғана фильмдерден анық байқалып қалады.

Аймақтар • 06 Мамыр, 2022

Тәуелсіз ел әскерінің тарихы

Құрылған күнінен бастап ел тәуелсіздігі мен қауіпсіздігі күзетінде күрделі белестерді абыроймен арқалап келе жатқан Қарулы Күштердің 30 жылдық мерекесін Алматыдағы Президент Архиві де атап өтті. Архив басшылығы атаулы күн аясында «Тәуелсіз ел әскері: Міндет. Абырой. Ерлік» атты дөңгелек үстел ұйымдастырып, іс-шара қатысушыларына тақырыпқа сай тарихи-құжаттық көрмені таныстырды.

Қазақстан • 04 Мамыр, 2022

Қарулы Күштер туралы құнды құжаттар

Мазмұны ұлттық идеямен өрілген әрбір мемлекеттік стратегиялық құжатта әскери қауіпсіздік мәселесі қашанда басымдыққа ие болып келеді. Ұлттық қауіпсіздіктің маңызды құралы саналатын сала жұмысын көпшілікке таныс­ты­ру мақсатымен Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-тарихи музейі бірлесіп, Қарулы Күштердің құрылуының 30 жылдығына орай «Қуатты Армия – қуатты Қазақстан» атты тарихи-құжаттық көрме ұйымдастырды.

Өнер • 19 Сәуір, 2022

Дарынды ұрпақ дара ұлт қалыптастырады

Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейде «Балалар жылы» аясында «Балалар әлемі» атты республикалық балалар шығармашылығы көрмесі ашылды.

Аймақтар • 17 Сәуір, 2022

Тастұғырдың үстінде – тұтас дәуір бейнесі

Алматыда қазақ ән әлемінің падишасы, КСРО халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағлано­ваға ескерткіш орнатылды. Еңбек жолының елеулі кезеңі өткен Жамбыл Жабаев атындағы мемлекеттік филармониясы ғимаратының алдынан бой көтерген ескерткіш – әйгілі әншінің 100 жылдық мерейтойына лайықты тарту.

Сұхбат • 15 Сәуір, 2022

Есетжан Қосыбаев: Жаңа жағдайда жұмыс істеуге тура келеді

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы қысқа мерзім ішінде мемлекеттік қолдаудан үмітті киножобаларды іріктеу тақырыбына арналған екі үлкен брифинг өткізді. Биыл фильмдерді қаржыландыру қағидаларына түзетулер енгізген заңнамадағы өзгерістер кинематографистердің көп бөлігі үшін талқылаудың басты тақырыбына айналды. Жаңа ережелерге байланыс­ты Киноорталықтың алдында тағы қандай міндеттер пайда болды? Кино саласындағы іргелі өзгерістердің ұйытқысы болған «ҰКҚМО» КЕАҚ Басқарма төрағасы Е.Қосыбаев тың ақпараттармен бөлісті.

Ахмет Байтұрсынұлы • 12 Сәуір, 2022

Ахметтанудағы ізденіс ілгерілей береді

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО-ның 2022-2023 жылдарға арналған халықаралық мерейтойлар тізіміне енгізіліп отырғандықтан, тағылымды шаралар тізбегі Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің қолдауымен Мәдениеттерді жақындастыру орталығы Алматыдағы Ұлттық кітапханамен бірлесе отырып ұйымдастырған «Ұлт ұстазы һәм Алаштың Ахметі» атты халықаралық конференциямен жалғасын тапты.

Өнер • 11 Сәуір, 2022

Абызға айналған Асанәлі

Елімізге еңбегі сіңген өнер қайраткері, КСРО Халық әртісі, Қазақстанның Ең­бек Ері Асанәлі Әші­мовтің 85 жылдығы қар­саңында Алматы музейін­де «Абызға айнал­ған Асан­әлі» атты көр­менің ашылуы өтті.