
Кино • 17 Ақпан, 2022
Юрий Померанцевтің жұлдызы жанды
«Қазақфильм» киностудиясының аумағында аты аңызға айналған кинорежиссер, КСРО халық әртісі Шәкен Аймановтың туғанына 108 жыл толуына орай ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, жақында ғана 99 жасқа толған Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның Еңбек Ері Юрий Померанцевке арналған ескерткіш жұлдыздың салтанатты ашылуы өтті. Денсаулығына байланысты айтулы шараға Юрий Борисовичтің өзі қатыса алмады.
Кино • 16 Ақпан, 2022
«Берлинале – 2022»: Қазақстан фильмдері қалай таныстырылды?
Таяуда 72-Халықаралық Берлин кинофестивалінің және оның аясында өтетін Еуропалық кинонарықтың (EuropeanFilmMarket) ашылуы болды. Біздің еліміз үшін бұл іс-шара шын мәнінде бірегей, себебі, Қазақстан алғаш рет халықаралық сатып алушыларға 30-дан астам фильмнен тұратын топтаманы ұсынып отыр. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы өз стендінде осындай ауқымды қазақстандық кино өнімдерінің санын қамтыды.
Өнер • 14 Ақпан, 2022
Берлинале-2022: Қазақстан киносы қалай таныстырылды?
Кеше 72-Халықаралық Берлин кинофестивалінің және оның аясында өтетін Еуропалық кинонарықтың (EuropeanFilmMarket) ашылуы өтті.
Өнер • 02 Ақпан, 2022
Қазақстан тұңғыш рет Венеция биенналесінен арнайы павильон ашады. 130 жылдан бері әлемдік өнердің ең танымал өкілдерінің туындыларын таныстырумен аты шыққан атақты Венеция көрмесіне бұрын-соңды Қазақ елі жеке-дара қатысқан емес.
Өнер • 27 Қаңтар, 2022
Нұрғали Нүсіпжанов: Қай заманның да тіршілігіне әділет тән болса керек
Нұрғали Нүсіпжанов десе, «Сарыжайлау», «Теріскей», «Өз елім», «Құстар», «Асыл әжем», «Маралдым» секілді иісі жұпар аңқыған, иірімі терең, ерекше мәнерлі әндер құлағымызға бірінен соң бірі құйыла кетеді. Әрқайсысы әнұрандық қуатқа ие, әр қазаққа таныс осы әндердің Нұрғали Нүсіпжановтың болмысымен қабысып кеткені сонша, әнді әншіден, әншіні әндерінен ажырату мүмкін емес.
Аймақтар • 05 Қаңтар, 2022
Жұлдыздар аллеясы жаңа есімдермен толықты
Халықаралық кино күніне орай «Қазақфильм» киностудиясының аумағында қазақ киносының көрнекті қайраткерлерінің есімі берілген Жұлдыздар аллеясында он үш мемориалдық ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімі болды. Салтанатты шараны ұлттық кино өнерінің мэтрлері – Асанәлі Әшімов пен Олжас Сүлейменов ашып, Ш.Аймановтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Келесі сөз тізгінін алған киностудия президенті Ақан Сатаев бұл шараның Алматы кинохроника студиясының 80 жылдығы мен Халықаралық кино күніне орайластырылғанын атап өтті.
Өнер • 04 Қаңтар, 2022
Қазақстан • 27 Желтоқсан, 2021
Алматыда Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы шығармашылық зертхана ашылды
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ұлттық тележурналистиканың көрнекті өкілі Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы «Qazaqstan» ұлттық арнасы оқу-шығармашылық зертханасы ашылды. Ұлттық журналистиканың ұстаханасы болып отырған университет ішінен саналы ғұмырын баспасөз қызметіне арнаған қайраткерге тағзым жасау шарасына Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мен ҚазҰУ Басқарма төрағасы – ректор Жансейіт Түймебаев қатысып, жаңа аудиторияның лентасын қиды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 27 Желтоқсан, 2021
«Қазақстан РТРК» АҚ Balapan телеарнасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына түрлі жанрдағы 10 жаңа туынды әзірледі. Жобалар егемен елдің тарихы мен мәдениеті, ғылымы мен білімі, белестері және табыстары туралы қызықты деректерді қамтыған әрі бала пайымына лайықталған.
Кино • 24 Желтоқсан, 2021
Бауыржан Шөкенов: Кино бизнесте ұсақ-түйек болмайды
Бұған дейін айтып өткеніміздей, 6-9 желтоқсан аралығында қазақстандық кинематографистер «Мәскеу халықаралық кино нарығы мен Ресей кинобизнесі» форумына қатысып қайтты. «Ұлттық киноны қолдау» мемлекеттік орталығы делегациясының басшысы, Басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Шөкенов сапар нәтижесі туралы ойымен бөлісті.