
Кино • 07 Қыркүйек, 2021
Уақыт бізден батыл шешімдерді талап етеді - Есетжан Қосыбаев
«Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КеАҚ басқарма төрағасы Есетжан Қосыбаевпен сұхбат.
Кино • 06 Қыркүйек, 2021
«Ақтастағы Ахико» фильмінің түсірілімі басталды
Өз отанында әскер оқуында жүріп, ойламаған жерден Кеңес әскерінің тұтқынына түсіп, балалық шағы он бес жасында аяқталып, Қазақстанның «Карлагынан» бір-ақ шыққан Ахико Тэцуроның тағдыры туралы оқырман азды-көпті хабардар. Жер аударылған елу мың жапон тұтқынының бірі Ахико кешкен азапты өмір, абақтыда өткен онжылдық тауқымет туралы кітап жазылып, спектакль сахналанды. Бейнеті мен соры қалың жаралған жапон баласының есім-сойы Сталин қайтыс болғаннан кейін ақталып шығып, еліне оралуға мүмкіндік алған отандастарының тізімінде де жоқ болып, жиырма бес жастағы жігітке жылымықтың жылуы бұйырмаған күйі қияндағы мекенде мәңгілік қалып қоюға мәжбүр болды. Ол осы жерде отбасын құрып, отау тікті, жанына сая тауып, Қазақ елін жалғыз Отаным деп таныды…
Қазақстан • 26 Тамыз, 2021
Қазақстанның әлемдік экологияға қосқан тарихи үлесі
Қазақстан Республикасы Президенті Архивінде 26 тамыз күні Қазақстан Республикасы Президентінің «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлығының 30 жылдығына орай «Қазақстанның әлемдік экологияға қосқан тарихи үлесі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 25 Тамыз, 2021
Кинотеатр көрерменімен көрікті
Бұрыннан келе жатқан дағдарыс пен қиындықты одан сайын тереңдетіп жіберген тәжтажалдың соққысынан тұралаған салалардың ішінде, әсіресе, киноөндірісі көбірек зардап шегіп отыр.
Өнер • 19 Тамыз, 2021
Төлтума туынды арқылы ғана жаттың жүрегіне жол таба аламыз
Үлкен сахна суреткері, жаңашыл театр режиссері Болат Атабаев бақиға аттанар алдында бой жазғандай болып Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрына келіп, «Құлагерді» тамашалаған еді. Спектакль аяқталған соң театр актерлері алқа-қотан отыра қалып, ағаларын ортаға алып, пікіріне құлақ тосты.
Әдебиет • 16 Тамыз, 2021
«Бала Ілияс» бойы тұнған өлең-жыр
Қазақ әдебиетінің Құлагері, дүлдүл ақын Ілияс Жансүгіровтің ауылында «Бала Ілияс» атты ескерткіш ашылды. Күні кеше ат шаптырып, ас берілген дүбірлі тойы аяқталған соң тағзым жасау жұмысы атқарылған шаралармен толасын тауып түйінделмей, керісінше, жауһар жырлары ел жадында мәңгі сақталған ұлы ақынды ұлықтаудың жаңа көкжиектері көрінді.
Әдебиет • 08 Тамыз, 2021
«Бөрте» Еуропаны бетке алып барады
Кейінгі жылдары әлемді кино және театр туындылары арқылы танудың кең көкжиегі ашыла бастаған тұста, прозасынан гөрі пьесалары алдыға шығып, кешегі оқырманын бүгінгі көрерменге айналдырып, онымен тиімді байланыс жасаудың тамаша тәсілін тапқан белгілі жазушы-драматург Дулат Исабековтің шығармашылығында жаңалық жиі алмасып тұрады.
Сұхбат • 29 Шілде, 2021
Қазақтың музыка өнері тірі тұрғанда, әкемнің аты өшпейді - Найля Рахмадиева
КСРО халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Еркеғали Рахмадиевтің қызы, А.Малдыбаев атындағы Қырғыз ұлттық опера және балет театрының режиссері Найля Рахмадиевамен сұхбат.
Қоғам • 24 Маусым, 2021
Алматыдағы Президент архивінде ТМД елдері жас архившілерінің IV Жазғы мектебінің ашылуы өткізіліп, жұмысын бастады. 2017 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві, Ресей мемлекеттік гуманитарлық университеті және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бірлесіп, тарихты сақтаушыларға халықаралық білім беру жобасын ұйымдастыруды бастаған болатын. Дәстүрге айналған жастар форумы биыл бірінші рет бейнеконференциялық байланыс түрінде өткізілуде.
Сұхбат • 11 Маусым, 2021
Еркебұлан Дайыров: Өнер деген – өмірді тану
– Еркебұлан, жауырыны жерге тимеген, Алашқа ән оздырған атақты Балуан Шолақтың рөлі үшін 10 килодан артық салмақ қосқаныңызды білетін едік, сымға тартқандай ендігі сымбатыңыз едәуір сылынып түскеніңізді байқатады.