
Театр • 24 Желтоқсан, 2024
Театр тынысы: кәсіби сыншылар бағасы
«Қазақстан театр сыншылары» бірлестігі биыл алтыншы рет «Сыншылар жүлдесі» марапаттау кешін ұйымдастырды. Алғашқы жылы сахна шығармашылығына сараптама жүргізген сыншылар бес аталым аясында ғана үздіктерді анықтаса, марапат саны биыл мейлінше еселене түскен. Үздіктерді іріктейтін мерейлі дода шығармашылық өкілдерінің шабысына қанат бітіріп, шабытына дем беріп, жаңа белестерді бағындыруға мүмкіндік сыйлайтын мақсаты мен маңызын жыл сайын арттырып келеді. Дегенмен Қазақстандағы 70-тен аса театрдың 53-інің 2024 жылы атқарған жұмысын қорытындылап, өз тарапынан кәсіби бағасын берген сыншылардың да сахна шығармашылығы төңірегіндегі үрдіс пен үдерістер туралы, табысталған жүлдеге байланысты туындап қалған кейбір сыни ой-пікір мен өкпе-назға орай айтатын өз уәж-пайымы бар. «Театр сыншылары бірлестігінің» төрағасы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, өнертану кандидаты Анар ЕРКЕБАЙ, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, өнертану докторы Бақыт НҰРПЕЙІС, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Театр және кино бөлімінің меңгерушісі, өнертану кандидаты Аманкелді МҰҚАН, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, өнертану кандидаты Меруерт ЖАҚСЫЛЫҚОВА, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқытушылары, өнертану магистрлері, Жансая ТҰРМАҒАНБЕТ пен Бейбіт ӘЛКЕЕВА басылым ұйымдастырған дөңгелек үстелде жыл бойы атқарылған жұмыстың нәтижесін талдап, жүлденің бүгіні мен болашағына алаңдаушылығын білдірді.
Кино • 19 Желтоқсан, 2024
«Бастау» – қанатқақты жобалар қолдаушысы
Алматыда дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан ХІІ халықаралық «Бастау» студенттер мен дебюттік фильмдердің кинофестивалі мәресіне жетті. Кинофестивальға қатысуға ниет білдірген жақын шетелдерден бөлек, Түркия, Иран, Гонконг, Италия, Сербия, Нидерланды, Мексика, Польша секілді әлемнің әр түкпіріндегі елдерден жалпы саны 500 өтінім келіп түскен. «Bastau Shorts» конкурстық бағдарламасы аясында көркем, деректі және анимациялық қысқаметрлі дебюттік фильмдер сарапқа салынып, олардың ішінен 28 елдің 43 картинасы іріктеліп алынды.
Тағзым • 29 Қазан, 2024
Елдің «Әбесі» атанған дарабоз тұлға, Алаштың асыл перзенті, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Халықаралық Шолохов атындағы сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы, Еңбек Ері Әбдіжәміл Нұрпейісовтің 100 жылдығына арналған іс-шаралар легі Ұлттық кітапханада өткен халықаралық конференциядан басталды.
Сұхбат • 06 Қыркүйек, 2024
Жастарды адалдыққа тәрбиелейтін бағдарлама
Қазіргі таңда жұмыс берушілер әмбебап әрі кәсіби қызметкер іздейді. Еңбек нарығындағы талапқа сай болу үшін жастардың білімі мен біліктілігінің қатар дамуына мән беру керек. «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидасына толық сай болу үшін «Жарқын Болашақ» бағдарламасы жастарды жан-жақты дамытып келеді. Осы жөнінде «Bilim Foundation» қорының жетекшісі Ерлан Аманжолұлымен сұхбаттасқан едік.
ЖОЛДАУ • 06 Қыркүйек, 2024
Әлем күн сайын қарқынды дамып, бүгін жасалған ірі өзгерістің ертең терістеліп, жаңалыққа ілесіп, тұрақтылық қалыбын сақтауы қиынға соғып келеді. Бұл саясат пен экономикаға қатысты емес, жалпы жаһан тыныстап отырған маңызды саланың бәрі де даму жүйесіндегі қарқынға ілесіп, ілкімді іс атқарудан сырт қалғысы жоқ. Қазақстан әлемдік даму жүйесінің бір бөлшегі болғандықтан, жаһандық ағыстың жалына жармасып, өркениетке ілесуді асыл мұраты тұтады. Бұл даму мұратын Мемлекет басшысы жыл сайын жасайтын Жолдауында жан-жақты саралап, дұрыс бағыт белгілеп келеді. Жазушылар одағы хатшылығы толық құрамда бас қосып, ұйымдастырған кеңейтілген мәжілісінде Жолдаудың ең алдымен осы ерекшелігіне тоқталды.
Руханият • 28 Тамыз, 2024
Қазақтың дәстүрлі музыкалық өнерін табиғатына қарай Арқа, Жетісу, Сыр өңірі, Батыс Қазақстан ән мектебі деп жіліктейтін ғылыми негіздеменің сүбелі бір арнасы Бесқала жыр дәстүріне тиесілі. Қазақ халқы ертеден мекен еткен Әмудария бойында қаймағы бұзылмай сақталған құнары мол жыр мектебінің дәстүрін дәріптеген көрнекті өкілдері де бір шоғыр. Жыршы-жыраулық дәстүрді Бесқала музыка мәдениетінің темірқазығына айналдырған сол тұлғалардың мыңжылдық мақамы мен сазының арқау жібін үзіп алмай бүгінге жалғаған шәкірттері де аз емес. Бесқала жыр мектебінің ірі өкілі саналатын Наурызбек Раманқұловтың есімін ерекше қастерлеп, бала күнінен еліктеп, сол мақаммен жыр айтып өскен талантты шәкірттің бірі – Аманжол Есмырза.
Өнер • 08 Маусым, 2024
Бір-біріне мүлде ұқсамайтын екі музыкалық жүйені, екі түрлі музыка тілін – Еуропаның операсы мен қазақтың дәстүрлі музыкалық мәдениетін біріктіріп, ұлттық классикалық туынды жазу және оны сахналау әсте оңай емес.
Сұхбат • 19 Сәуір, 2024
Нұрдәулет Ақыш: Әдебиет әлемі күрделі
– Нұрдәулет Бабиханұлы, «Чехов айтты» дейтін, баяғыдан айтылып келе жатқан әзіл-шыны аралас бір сөз бар еді ғой: «Медицина – менің заңды әйелім, әдебиет...» деп басталатын. Классик айтқандай, өзіңіз де әдебиет дейтін алып теңіздің үстінде еркін құлаштап жүзіп келе жатқан жазушысыз. Жас күніңізде өлең де жазған екенсіз. Сыншылығыңыз тағы бар. Әдебиеттану ғылымымен айналысып жүрсіз. Осының ішінен жаныңызға жақыны қайсысы?
Мәдениет • 11 Сәуір, 2024
«Қазақ балеті» ұғымын қалыптастырған А.Селезнев атындағы Алматы хореография училищесіне – 90 жыл
Қазақстан хореографиялық өнерінің алтын бесігі Александр Селезнев атындағы Алматы хореография училищесінің құрылғанына –90 жыл. Әлемдік балет мектептерінің арасында жетекші орынға ие және Орта Азиядағы ең үздік классикалық би ұстаханасы болып саналатын Қазақстанның бірінші балет мектебінің бұл мерейтойы – ұлт руханиятындағы айтулы оқиға. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Өрлеу» Халықаралық хореографиялық оқу орындарының фестивалі биыл алтыншы рет ұйымдастырылып, атақты бишілер, ел өнерінің ардақтылары қатысқан мерекелік іс-шара жаңа форматта ұсынылды.
Талбесік • 09 Сәуір, 2024
Дүниежүзіндегі ауа райы заңдылығының өзгерісі мұздықтардың беймәлім мінез танытуына тікелей байланысты екенін мамандар талайдан бері айтып, дабыл қағып келеді. Ағын судың азаюына, тұщы судың тапшылығы мен мұхит суының температурасына, тіпті мемлекеттердің тұрақты дамуына да мұздықтардың тура және жанама әсері бар.