Абдолла ДАСТАН
Абдолла ДАСТАН«Egemen Qazaqstan»
200 материал табылды

Аймақтар • 11 Қыркүйек, 2024

Өрлеудің кілті – өнім өндіру

«Отандық өнім» туралы аз айтылып келе жатқан жоқ. Бұл орайдағы жеткен жетістігіміз де, қолымыздан келмей жатқан кемшілігіміз де баршылық. Бір сүйсінерлігі, кейінгі жылдары ауылдық жерлердегі тұрғындардың да өнім өндіруге деген құлшынысы арта түсті. Бұған мемлекет тарапынан ауылды көтеруге бағытталған бағдарламалардың да игі әсері тиіп жатқаны байқалады. Сондай-ақ «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы да жергілікті әкімдіктермен бірлесіп «Бір ауыл – бір өнім» атты ауылдағы тауар өндірушілерді ынталандыруға ықпалы зор көрме-байқауын тұрақты өткізе бастағанының да оң ықпалы бар. Биыл Ұлытау облысында бұл жоба алғаш рет қолға алынды. Ауыл, аудандарда басталған байқаулардан озып шыққандар жуырда облыс орталығындағы көрме-байқауда бақ сынады.

Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2024

Желбірейді көк байрақ Ұлытаудың төрінде

Тұңғыш Ұлттық құрылтай 2022 жылы 16 маусымда Ұлытауда өткені мәлім. Көптеген ой ортаға түсіп, ұсыныстар айтылған сол бір келелі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлт ұясы Ұлытауда Рәміздер алаңын салу туралы бастама көтерді.

Аймақтар • 04 Қыркүйек, 2024

Қазақшаға ықылас молайды...

Қашаннан бері ұлттық құндылықтардың алтын бесігі іспетті Ұлытау облысында былтырғы оқу жылынан бері бірыңғай орыс тілінде білім беретін бірде-бір мектеп қалған жоқ. Аймақта жыл санап балаларын қазақ мектебінде оқытуға деген ұмтылыс қарқын алып келеді.

Инвестиция • 29 Тамыз, 2024

Инвесторлар қалаға қолдау көрсетеді

Еліміздегі моноқалалардың бірі – Сәтбаев қаласына экономиканы әртараптандыру ауадай қажет. Жаңа өндіріс орындарын ашудың да орайы оңайлықпен келе қоймайды. Өңірдегі логистикалық түйткіл шағын қалаға қалталылардың келуіне қолбайлау жасап тұр. Дегенмен жергілікті билік мүмкіндікті мүлт жібермесе, инвесторды да иілдіруге болады екен. Жуырда қала әкімдігі мен қытайлық «Stecol Сorporation» және отандық «Siena» ЖШС арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Қоғам • 28 Тамыз, 2024

Бес бөтелкеге – бір балмұздақ

Көпшілікті, әсіресе, балалар мен жасөспірімдерді қор­шаған ортаны аялауға, тазалықты сақтауға тәрбиелеу мақсатында Сәтбаев қаласында әдеттен тыс акция жарияланды.

Отбасы • 23 Тамыз, 2024

Ұлт дәстүрін ұлықтаған отбасы

Осыдан он жыл бұрын бас­тау алған Ұлттық «Мерейлі отбасы» бай­қауы бүгінде дәстүр­ге айналды. Аудан, қа­лалардан басталатын іріктеуге қатысушы отбасылардың жылда-жылға көбейе түс­кені байқаудың көпшілік арасындағы абырой, беде­лін айғақтайды, Ұлытау облысында биылғы бай­қауда 30-дан аса отбасы бақ сынады.

Білім • 20 Тамыз, 2024

Ұлытауда ұстаз тапшы

«Елдің болашағы – білімді ұрпақ», «Тәрбие – тал бесіктен» дейтін сөздер айтуға да әдемі, құлаққа да жағымды естіледі. Қазіргі түсінікпен алғанда, «талбесік» дегеніміз – балабақшалар болса, ұрпағымыздың білімді болмағының жүгін көтеретін – мектеп. Әрине, өскелең ұрпақтың тәртіпті, тәрбиелі, білімді болып өсуіндегі отбасының, ата-ананың орнын ешкім де жоққа шығармайды. Бірақ баланың қалыптасуына балабақша мен мектептің әсері зор екеніне еш талас тумаса керек. Ал біздегі балабақша мен мектептердегі жағдай қандай?

Еңбек • 17 Тамыз, 2024

Тепловозды тізгіндеген

Жаңаарқа жұртшылығы жақсы танитын Мырзахан әулетінің негізгі кәсібі теміржолмен бітеқайнасып кеткелі ғасырға жуықтап қалды. Бұл 1939 жылы 15 жастағы Мүсілім Мырзахановтың жаңадан ашылып жатқан теміржол депосына от жағушы болып жұмысқа орналасуынан басталған еді.

Аймақтар • 14 Тамыз, 2024

Ұлытауда шахмат орталығы ашылады

Жезқазған қаласындағы қараусыз қалған нысандардың бірінің бағын шахмат ашатын болды. Құрылысы тоқырап, қаланың сәулетіне нұқсан келтіріп тұрған нысан алдағы уақытта еліміздегі ең үлкен шахмат академиясының орталығына айналады.

Сұхбат • 14 Тамыз, 2024

Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ: Экономиканы әртараптандыруға басымдық береміз

Ұлытау облысының құрылғанына үш жылға аяқ басты. Өңірдегі экономикалық даму қандай деңгейде? Іркілістер мен ілкімді істер тура­лы аймақ басшысы не дейді? Осы орайда Ұлытау облысының әкімі Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫМЕН сұхбаттастық.