Абдолла ДАСТАН
Абдолла ДАСТАН«Egemen Qazaqstan»
200 материал табылды

Қоғам • 03 Қазан, 2024

Саяның «SSS» мектебі

Ол кішкентайынан би өнеріне қызы­ға­тын. Бұл да әпкесі Самалға еріп алдымен би үйірмесіне барды. Содан соң Жезқазған қаласында құрылған «Мақпал» би ансамблінің құрамына қабылданды. Осы ансамбль сапында сан мәрте гастрольдік сапарға шықты. Өз елімізде ғана емес. Сол ­сапарларда Сая би өнеріне деген халықтың ынта-ықыласын көрді, сезінді.

Аймақтар • 02 Қазан, 2024

Жезқазған – Қызылорда жолы жөнделеді

Жезқазған-Қызылорда автокөлік жолына күрделі жөндеу басталатыны туралы хабар жария етілсе де, көпшілік арасында «Соның соңы қалай болар екен? Сөзбұйдаға салынып кетпей ме?» деген секілді үміттен гөрі күдікке толы әңгіме әлі күнге дейін айтылып қалады. Қаншама жылдан бері «жол жөндеу әні-міне басталады» деген сүйіншілеген сөздің соңы құрдымға кетіп, жоғалып тынғанына талай мәрте куә болған көңілдердің алаңын, әрине, түсінуге болады. Бірақ бұл жолғы қамданыс бұрынғыдан өзгерек.

Аймақтар • 28 Қыркүйек, 2024

Көгілдір отынға қосылған үй көбейеді

Әрі арзан әрі тиімді саналатын газды пайдалану мүмкіндігіне Ұлытау өңірі кейінгі кездері ғана қол жеткізе бастады. Қазір облысты газдандырудың 2030 жылға дейінгі өңірлік сызба-нұсқасы дайындалды. Бұл жобаның берері қандай?

Аймақтар • 28 Қыркүйек, 2024

Ауылдағы ет комбинаты

«Ауылдық жерлерде мал өсіріп, егін салумен ғана шектелуге болмайды. Содан нақты өнімдер өндіруге бет бұру керек» деп айтылып келе жатқалы біршама уақыт болды. Әрине, қай нәрсені болсын қолға алу үшін жан-жағыңа қарап, шамаңды бағамдамасаң бола ма? Тіпті қаражатың жетіп тұрса да, «ертең сол өнімді қайда, қалай өткіземін?» дейтін сұрақ әрбір кәсіпкерді мазалайтыны анық. «Uly dala Co» ЖШС басшысы, кәсіпкер Қанат Қосдәулетов те көп ойланды, айналасымен ақылдасты, ақыры, нақты бір шешімге келді. Сөйтіп, Бидайық ауылдық округіне қарасты Ақтайлақ елді мекенінен ет комбинатын ашуды ұйғарды.

Оқиға • 26 Қыркүйек, 2024

Перзентті ниетке береді

Олар он бес жыл отасты. Отбасында ыдыс-аяқ сылдырлаған шығар, бірақ екеуінің бір-біріне деген сыйластығына ешқандай сызат түспеді. Ендеше, неге ажырасты?

Экономика • 24 Қыркүйек, 2024

Құрылысқа жер­гілікті жұмыс күші тартылады

«Жезқазған – Қызылорда» аралығындағы 208 шақы­рым автокөлік жолдың құ­ры­лысы басталатыны туралы хабар тарағалы облыс кәсіпкерлері арасында қозғалыс та күшейді. Өйткені үйдің іргесіндегі ауқымды жобаға қаты­сып, ортақ іске үлес қо­сып, өзіңнің де пайдаңды қарас­тырмасаң бола ма?

«Таза Қазақстан» • 20 Қыркүйек, 2024

Аула тазалығы байқауы

Қоршаған ортаның та­залығын сақ­тау мақ­сатында әрбір азаматтың белсенділігін ояту аса ма­ңызды. Сонда ғана таза­­лықты қамтамасыз ету­ге болады.

Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2024

Ауласы тазаның ауасы таза

Айналаның тазалығын сақтауға, бүлдірмеуге әрбір азаматтың белсенділігін ояту өте маңызды.  Сонда ғана тазалықты қамтамасыз етуге болады.

Аймақтар • 17 Қыркүйек, 2024

Жастардың жақсы бастамасы

«Мен жанбасам лапылдап, Сен жанбасаң лапылдап, Аспан қалай ашылмақ?» демекші, еліміздің бүгіні де, ертеңі де, сан салалы дамуы да жалынды жастардың жігеріне, іскерлік қабілетіне байланысты. Сан мәрте айтылып жүрген, айтыла да беретін өмірдің ақиқаты осындай. Ендеше, ертеңін ойлаған ел өзінің жас өскіндеріне бүгін қандай қамқорлық танытып жатыр? Біле білсек, мемлекет тарапынан жастардың білім алуы, жұмысқа орналасуы, кәсіппен айналысуы және т.б. жағдайлары үшін аз қамқорлық жасалып жатқан жоқ. Соның бірі – жас кәсіпкерлерді қаржылай қолдау.

Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2024

Байланыс белдеулері

Ел мен елдің арасындағы татулыққа, ынтымақты тірлікке ештеңе жетпейді. Көршілердің біріне бірінің тоңтеріс қарап жүргенінен сақтасын. Көпвекторлы саясаттың арқасында еліміз әлемнің көптеген елімен тығыз қарым-қатынас орната білді. Сан салалы байланыстардың еліміздің жан-жақты дамуына зор әсері тиіп жат­қанын уақыт көрсетіп те жатыр.