
Қоғам • 13 Тамыз, 2020
Кавасаки синдромы: Балалардың денсаулығын мұқият бақылауды қажет етеді
Соңғы күндері Қазақстанда Covid-19 вирусын жұқтырған балаларда Кавасаки синдромы пайда болғаны туралы хабар тарай бастады. Ілуде бір кездесетін бұл синдромның қазіргі қауіпті індетпен қабаттасып көрінуі мүмкін екенін осыдан үш ай бұрын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус ескерткен еді.
Коронавирус • 04 Тамыз, 2020
Статистиканың дәлдігі індетке қарсы іс-шараларды нақтылайды
Қаупі сейілмеген зауалдың тигізіп жатқан зардабы орасан. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кеше туиттердегі парақшасында осы дерттен қайтыс болған азаматтардың қазасы қабырғасына бататынын, коронавирус пен өкпе қабынуынан көз жұмғандардың саны әлі де жоғары екенін айтты. Президенттің пәрменімен тамыздан бастап пандемияның таралу ауқымын нақты бағамдау үшін коронавирус пен өкпе қабынуының статистикасы біріздендірілді.
Қоғам • 31 Шілде, 2020
Індеттің кең таралуын тежеу үшін енгізілген қатаң карантин режімі нәтижесін бере бастады. Алайда «Аузы күйген үрлеп ішеді» дегендей сақтық шараларын ұстануды ұмытуға болмайды. Сондықтан эпидемиялық ахуалдың тұрақтанғанына қарамастан шектеу шаралары тағы екі аптаға жалғасады.
Қоғам • 29 Шілде, 2020
Карантин режімінің күшеюі арыны қатты қауіпті індеттің таралу қарқынын әжептәуір әлсіретті. Күн өткен сайын өңірлердегі эпидемиялық ахуал біршама тұрақталып, сауыққан науқастардың қатары артты, ауруханалар да ақырындап босай бастады.
Медицина • 28 Шілде, 2020
Індетпен күреске үлес қосып жатыр
Қазіргі қысылтаяң кезеңде денсаулық сақтау жүйесінің барлық ресурсы қауіпті індетке қарсы іс-шараларға жұмылдырылды. Дауасыз дерттің бетін қайтаруға бағытталған бұл ауқымды жұмыстар Медициналық сақтандыру қоры арқылы қаржыландырылды.
Қоғам • 27 Шілде, 2020
Зейнетақы жинағы баспанаға бастапқы жарна бола алса игі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында азаматтардың зейнетақы жинағының бір бөлігін баспана алуға жұмсау мүмкіндігін қарастыру жөніндегі бастамасы көпшіліктің көкейінде жүрген ойды дөп басқаны белгілі. Осы мәселені пысықтау үшін Президент былтыр Үкіметке нақты пәрмен берген. Аталған тетікті іске қосу қаншалықты ілгері жылжыды?
Қоғам • 21 Шілде, 2020
Емхана дәрігерлерінің бақылауында
Қазіргі кең жайылған індетті жамағандардың 80%-дан көбі вирустың жеңіл немесе симптомсыз түріне ұшыраған. Мұндай науқастардың жағдайы ауырлап кетпеуін емхана дәрігерлері қатаң қадағалап отыр.
Қоғам • 21 Шілде, 2020
Карантиннің сақталуы қатаң бақылауда
Індеттің тез таралуын тежеу үшін карантин режімі енгізіліп, оның қатаң сақталуын арнайы мониторигтік топ бақылауына алды. Өңір-өңірде белсенді жұмыс істеп жатқан арнайы топ санитарлық нормалардың бұзылғаны туралы бірқатар факті тіркеді.
Қоғам • 17 Шілде, 2020
42 500 теңгеге өтінім қабылданады
Карантин режімі шілденің соңына дейін созылуына байланысты мұқтаж жандарға төленетін 42 500 теңгеге бүгіннен бастап өтінім қабылданады. Бұл туралы кеше Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді.
Үкімет • 16 Шілде, 2020
Дәрі-дәрмек жібергені – көп көмек
Қалыпты тіршіліктің шырқын бұзған Covid-19 індеті – жер жаһанның басына түскен зауал. Сондықтан әлем елдері обамен бірігіп күресіп, шамасы келгенше бір-біріне көмек көрсетуден аянып қалған жоқ. Осынау сын сағатта Қазақстан да шет мемлекеттермен тығыз байланысын үзбей, індетке тойтарыс беруге барынша тырысып жатыр.