
Әлем • 10 Сәуір, 2020
Коронавирустың «құрығына» ілінген саясаткерлер
Арыны қатты індет туралап келсе, атақ-шенге қарамайды. Кейінгі күндері әлемдегі ақпарат құралдары Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсонның жағдайын жиі жазып жатыр. Бірақ коронавирус жұқтырған одан басқа да шенеуніктер аз болмай тұр.
Парламент • 10 Сәуір, 2020
Дағдарысқа қарсы іс-шараларды ширату керек
Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаеваның төрағалығымен өткен Палатаның жалпы отырысында бірқатар халықаралық келісім ратификацияланды. Кезекті жиында төтенше жағдай кезіндегі қауіпсіздікті сақтау мақсатында заң жобаларын баяндау, сұрақ-жауап алмасу бейнеконференция форматында өтті.
Әлем • 09 Сәуір, 2020
Үндістанда көкжиектен Гималай көріне бастады
Үндістанның солтүстік-батысындағы Пенджаб штатында адамдар 100 мильден астам қашықтықтан Гималайды көре бастады. Бұл туралы CNN ақпарат агенттігі хабарлады.
Парламент • 09 Сәуір, 2020
Терроризмді қаржыландыруға жол бермеу заңмен қадағаланады
Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаеваның төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы қаралды.
Технология • 09 Сәуір, 2020
Індет цифрландыру мәселесіне қатысты қандай міндет жүктеді?
Әлемді пандемия үрейі билеп тұрған қазіргі қысылтаяң шақта цифрландырудың маңызы арта түсті. Көптеген саланың жұмыс қарқыны бәсеңдеп, тіпті тежеліп тұрған шетін жағдай цифрлық технологиялардың шама-шарқын, жалпы ІТ-саланың деңгейін бағамдауға ықпал етті.
Саясат • 09 Сәуір, 2020
Әлеуметтік маңызды заң жобаларына баса мән беріледі
Парламент Мәжілісінің Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Палатаның жалпы отырысында депутаттардың ұсынысы бойынша бірқатар заң жобасына түзетулер енгізіліп, мақұлданды.
Парламент • 08 Сәуір, 2020
Мәжіліс митинг туралы заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады
Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды.
Парламент • 08 Сәуір, 2020
Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы құрылады
Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй бағдарламалары операторларының санын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.
Парламент • 08 Сәуір, 2020
Дариға Назарбаеваның төрағалық етуімен Парламент Сенаты бюросының отырысы өтіп, онда Мәжілісте мақұлданған заң жобаларын комитеттер арасында бөлу мәселелері қаралды.
Қоғам • 07 Сәуір, 2020
Біз біргеміз: ҚХА 66 025 адамға көмек көрсетті
Төтенше жағдай кезінде Қазақстан халқы Ассамблеясы барлық өңірде қайырымдылық акцияларын ұйымдастырып, 66 025 адамға 83 385 650 теңге көлемінде көмек көрсетті.