Маржан ӘБІШ
Маржан ӘБІШ«Egemen Qazaqstan»
141 материал табылды

Әдебиет • 07 Қыркүйек, 2021

Сіз білесіз бе?..

Қоғам • 27 Тамыз, 2021

Тістенген тағдыр

Ақиқатында, көркемөнер адам таңдамайды, ешкімді алаламайды. Өнерге әркім әртүрлі жолмен келеді. Біреулер талантын шыңдап, өнерге қызығушылықпен аяқ басады: қалағанынша еркін айналысады. Енді біреулер әлемге деген іштегі қарсылығын өнер арқылы көрсеткісі келеді. Жанкештілікпен айналысады. Мұндай тағдырлы жандардың қатары көп емес. Әлқисса.

Әдебиет • 30 Шілде, 2021

Букер сыйлығы кімге бұйырады?

Биылғы Букер сыйлығының лонг-тізімі жарияланды. Марапатқа ұсынылған 158 шығарманың 13-і іріктелген ұзын тізімге енді. Оның ішінде жақында ғана орыс тілінде жарыққа шыққан Нобель сыйлығының лауреаты Кадзуо Исигуроның «Клара мен күн» романы бар.

Өнер • 14 Шілде, 2021

Леонардо да Винчи картинасы £8,9 миллионға сатылды

Christie’s аукционында Леонардо да Винчи салған аю басының нобайы сатылды. Оны 8,9 миллион фунтқа (шамамен 12,3 млн АҚШ доллары) сатып алды. Айта кетейік, бұл – итальян суретшісінің туындысы үшін рекордты қаржы.

Өнер • 06 Шілде, 2021

Дворцевойлық ұстанымдар

Кино әлемінде ерекше көз­қарас тудырған «Ай­ка», «Тюльпан» фильм­­­дерінің режиссері, Ха­­лықаралық Канн кино фес­тивалінің екі дүр­кін лауреаты Сергей Двор­цевой Музыкалық жас кө­рермен театрының әртістерімен кездесіп, мас­тер-класс өткізді.

Ел және Елбасы • 06 Шілде, 2021

«Ел және Елбасы» жинағы жарық көрді

«Egemen Qazaqstan» кітапханасы» сериясымен «Ел және Елбасы» жинағы жарық көрді. Кітапта кейінгі екі жылда «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекет қалыптастырушы ретіндегі тұлғалық, қайраткерлік қырларын кеңінен ашып көрсететін, тәуелсіздік тарихынан сыр шертетін мақалалар мен естеліктер топтастырылған.

Өнер • 30 Маусым, 2021

«Алтын Томирис» сыйлығы тапсырылды

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні қарсаңында «Астана Опера» театрында мәдениет пен өнерді насихаттап жүрген журналистер «Алтын Томирис» сыйлығымен марапатталды. Айта кетейік, бұл сыйлық биыл алғаш рет беріліп отыр.

Тәуелсіздік • 30 Маусым, 2021

Қылқалам шеберлері қара үзді

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қарағанды облысы әкімдігі Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен «Мәдениет порталы» ақпараттық агенттігінде тұңғыш рет өткізіліп жатқан «Тәуелсіздік: Сөз бен Сурет» атты ақындар мен суретшілер арасындағы республикалық онлайн-байқауының І кезеңіндегі жеңімпаздары анықталды.

Әдебиет • 28 Мамыр, 2020

Жазушылықтан мақтанға дейін

Әр сөзі һәм әр ісі ар таразысымен өлшеніп, ар сотымен шешілетін әдебиетте творчество адамдарының сыңары болуға айналған мақтан деген бір мінез бар. Әрине, жақсы мінез емес: сүйкімсіз болса да мықты мінез. Мықтылығы сол, небір мүйізі қарағайдай классиктерді ығына алып жықты. Басына қандай күн туса да мақтанбайды дедік: мақтанды. (Мына біздер, классик жазушының жаман мінездерден ада болғанын қалаймыз һәм талап етеміз! Бұнымыздың дұрыс-бұрысын кім біліпті?..) Енді бір жағынан суық ақылмен ойлап қарасақ, өзі классик (және өзі қазақ) һәм жазғаны шедевр жазушы мақтанбаса, тағы ұят сияқты. Әйтпесе, мақтауды кім керек етпейді? Мақтанды кім іздемейді? Бұл, жарықтық, бәріне керек. Негізгі түйткіл мақтауды кім, кімге, қалай айтуында болып отыр.

Қазақстан • 05 Қыркүйек, 2019

Азия әдебиетін әлемге әйгілейтін форум

Күздің мизам шуағына бөленген ел астанасында әлем әдебиетінің жылнамасына еніп, тарих бетінде қалатын Азияның қабырғалы қа­лам­герлері жиналған басқосу өтуде. Сары құрлықтың азулы ақын-жазушылары Азия әдебие­тінің бүгінгі ахуалын талқылауға қазақ сахарасына арнайы ат басын бұрыпты. Игі шараға әр тарап­тан жиналған пікірлестерді тек сөзге, көркем әдебиетке деген сүйіс­пен­шілік қана емес, сонымен қатар халықтардың тағдырын көздеген зор қамқорлық та біріктіріп отыр.