Қазақстан • 05 Қыркүйек, 2019
Азия әдебиетін әлемге әйгілейтін форум
Күздің мизам шуағына бөленген ел астанасында әлем әдебиетінің жылнамасына еніп, тарих бетінде қалатын Азияның қабырғалы қаламгерлері жиналған басқосу өтуде. Сары құрлықтың азулы ақын-жазушылары Азия әдебиетінің бүгінгі ахуалын талқылауға қазақ сахарасына арнайы ат басын бұрыпты. Игі шараға әр тараптан жиналған пікірлестерді тек сөзге, көркем әдебиетке деген сүйіспеншілік қана емес, сонымен қатар халықтардың тағдырын көздеген зор қамқорлық та біріктіріп отыр.
Руханият • 04 Қыркүйек, 2019
Кореялық ақын: Азия әдебиеті Еуропа әдебиетін жасартты, тың леп қосты
Азиялық ақын-жазушылардың жиыны 300-ден астам қаламгердің басын қосты. Оның ішінде, 38 мемлекеттен Нобель сыйлығының номинанттары, Букер және ASEAN сыйлықтарының лауреаттары, ұлттық, мемлекеттік сыйлықтардың иегерлері һәм Жазушылар одағы мен ассоциацияларының Төрағалары сынды 70-ке жуық шетел қаламгерлері бар.