
Таным • 25 Шілде, 2023
Ұлт зиялыларының мерейтойы жоспар үшін жасалған сансыз іс-шарамен һәм соңы дауға ұласқан ескерткіштермен шектелмесе керек-ті. Көрнекті тұлғалардың мерейлі жылы қоғамның мәдениетіне, рухани дамуына игілігі тиер бастама болуға тиіс.
Әдебиет • 25 Шілде, 2023
Әдетте адам баласы кітап оқиын десе, я уақыты болмайды, я құлқы болмайды. Әгәрәки, қым-қуыт тіршіліктен мойны жар бермей жүрген жан болса (бірақ, оқуға ниетті), кешірімді. Ал кітап оқитын уақыты да, құлқы да жоқтық – қасірет. Қазіргі таңда кітап оқымау дерті әлемде де меңдеп тұр. Әлқисса. Осы оқу деген, оқудан бұрын жазу деген қашан пайда болып еді?..
Жәдігер • 25 Шілде, 2023
Ұлттық музейдің қорында бізге беймәлім жәдігерлер көп. Тарих көмбесінен сыр шертетін түрлі бұйымдар әр ғасырдағы мәдениетке жатады. Мәселен, соның бірі – бастары оңға-солға бұрылған жарты жылқы тәріздес алтыннан құйылған пластиналар. Ол Есік қорғанынан табылған. Біздің дәуірімізге дейінгі V-VІ ғасырларға жатады.
Қоғам • 23 Шілде, 2023
Мемлекеттік тілдің баянды мәртебесі
Елордада Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының кезектен тыс құрылтайы өтіп, ұйымның жаңа президенті сайланды. Құрылтай делегаттарының ашық дауыс беруімен жауапты қызметке Bilim Media Group компаниясының басшысы, «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының директоры Рауан Кенжеханұлы сайланды.
Музей • 23 Шілде, 2023
Ұлттық музейді 310 мың адам тамашалаған
Жылдың басынан бері Ұлттық музейге 310 мың адам келген. Ал былтыр бір жылдың қорытындысы бойынша 330 мың адам музейді аралаған.
Өнер • 20 Шілде, 2023
«Кеш»: режиссер түсірген суреттер
Режиссер Дәрежан Өмірбаевтың хоббиі суретке түсіру екенін шығармашылығынан хабардар жұрт біледі. Фотографтың бұған дейін «Тыныштық», «Достарымның портреттері» атты фотоальбомдары жарық көрген болатын. Автор жақында «Кеш» атты үшінші фотоальбомын көпшілікке ұсынды.
Кино • 19 Шілде, 2023
Алматыда Tiger Films продюсерлік компаниясының кезекті толықметражды фильмінің түсірілімі басталды. Комедия мен экшн қатар жүретін романтикалық драма Балалар үйінен шыққан қос ғашықтың ауыр тағдырынан сыр шертеді. Жаңа картинадағы басты рөлдерді елімізге танымал актерлер ойнайды. Жаңа киноның алғашқы түсірілімінде режиссер Алёна Алмаз дәстүрлі түрде тәрелке сындырды.
Таным • 19 Шілде, 2023
Ұлттық музейдің қорында бізге беймәлім жәдігерлер көп. Тарих көмбесінен сыр шертетін түрлі бұйымдар әр ғасырдағы мәдениетке жатады. Мәселен, соның бірі – барыс типті белдік әшекейі. Ол Есік қорғанынан табылған. Біздің дәуірімізге дейінгі V- VІ ғасырларға жатады.
Театр • 19 Шілде, 2023
Оныншы маусым: Операдағы озық жетістіктер
Басқа-басқа, симфония кешіне барғанның әсері тым бөлек екенін театрсүйер қауым жақсы біледі. Әр аспаптың үні жан-тәніңді түгел бойлап, күнделікті тіршіліктен қажыған көңілді теңіздің түнгі толқынындай тербетеді келіп. Скрипканың үні үзіліп-сызылып, үзіліп-сызылып, енді бір сәтте аспанға шапқандай дүр көтерілгенде осынау өнердің құдіретіне сұмдық таңғаласың. Әуезді кеш бас қаламыздың аристократтық мәдени орнына айналған «Астана Операда» болды.
Өнер • 17 Шілде, 2023
Жас дарын Шерхан Арыстан «Витебскідегі Славян базары» халықаралық өнер фестивалі аясында өтіп жатқан «Витебск» XXI халықаралық балалар музыкалық байқауының Гран-приін жеңіп алды.