
Қоғам • 11 Сәуір, 2023
Ұлттық музейде мемлекет қайраткері Темірбек Жүргеновтің 125 жылдық мерейтойына орай «Т.Жүргенов және қазақ руханияты» тақырыбында дөңгелек үстел өтіп, журналист Майя Бекбаеваның «Т.Жүргеновтің өмірі мен қызметі» деректі фильмінің тұсауы кесілді.
Әдебиет • 10 Сәуір, 2023
Оқырман үшін сүйікті жазушысының өміріндегі барлық дерек қызық. Автордың шығармашылығынан бөлек тағдыры, жеке өмірі, күн режімі, қызығушылығы, мінезі, әдеті, киім киісі – бәрі-бәрі. Сөз өнерінде жүрген қауымның ләззаты да, азабы да жазу дейміз. Сол жақсы жазу талант пен шеберлікке ғана байланысты екені шындық. Дегенмен ақын-жазушылардың күнделікті қоңыр тіршілігі, болмысы мен өмір сүру тәртібі қаламына әсер етпей қоймайтыны тағы анық.
Өнер • 10 Сәуір, 2023
Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясы сахнасында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, дирижер, композитор Әли Алпысбаевтың «Елге арнау» атты шығармашылық кеші өтті. Аталған концерт Жетісу облыстық филармониясының ұйымдастыруымен өтіп отыр.
Қоғам • 06 Сәуір, 2023
Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстанның 2023-2029 жылдарға арналған мәдени саясатын дамыту тұжырымдамасын ұсынды. Құжатта театрларға ерекше көңіл бөлінген. Нысаналы индикаторлардың бірі – авторлық қойылымдарды үш есе ұлғайту.
Көрме • 05 Сәуір, 2023
Ұлттық музейде «Италиялық ренессанс – мәңгілік сұлулық» цифрлық иммерсиялық көрмесі ашылды. Іс-шара Италия мен Қазақстан арасындағы мәдениет саласындағы ынтымақтастық шеңберінде италиялық Қайта өрлеу дәуірінің суретшілеріне арналған. Италия Елшілігі және ENI Group компаниясымен бірлесіп ұйымдастырылған көрме цифрлы бейнетүсірілім түрінде өтті.
Музей • 05 Сәуір, 2023
Ұлттық музейдің ұтымды дәстүрі
Бүгінгі заман талабы – ұлттық сана-сезімі қалыптасқан саналы ұрпақ тәрбиелеу. Әрине, бұл мақсатта қазір балаларға арналған түрлі орталықтар жұмыс істейді. Мұндай орындарда жас өскіндер қоғаммен араласып қана қоймай, өздерін жаңа қырынан да танып үйренеді. Жаңа тынысы ашылады. Яғни қосымша орталықтар мен үйірмелердің балаға берер пайдасы көп. Астана төріндегі Ұлттық музей де балаларға ұлттық тәрбие беру мен дамыту іс-шараларынан кенде емес.
Кітапхана • 04 Сәуір, 2023
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласын дамыту мәселелері жөнінде өткізген кеңесте кітапханалардың тым аз екенін атап өткен. Сондай-ақ әр ауданда заман талабына сай кітапхана ашуды тапсырған еді. «Мен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында кітап оқу мәдениеті жайлы айттым. Алайда қалада кітапханалар желісі дамымай тұр. Астанада небәрі 18 кітапхана бар. Оның кейбіреуі 40 шаршы метрден аспайтын бөлмеде отыр. Кітапханалар заман талабына бейімделіп, коворкинг орталығы сияқты жұмыс істеуі керек. Бұл салада ақпараттық технологияны кеңінен қолданған жөн. Әр ауданда заман талабына сай кітапхана ашу қажет», деді Президент.
Қоғам • 04 Сәуір, 2023
Бүкіләлемдік аутизм туралы ақпарат тарату күні аясында «Астана Операның» Күләш Байсейітова атындағы Камералық зал сахнасында «Күн барлығына нұрын төгеді» атты қайырымдылық концерті өтті.
Жәдігер • 03 Сәуір, 2023
Жауырыны жерге тимеген Балуан Шолақтың аңыз-ғұмыры жұртқа аян. Қара күші тасыған тұла бойы таланттан да кенде емес. Өзі әнші, өзі сері, өзі сазгер. Сазгер дегенде, әрине, балуанның «Ғалиясы» еске түседі: «Айым да сен, Ғалия, күнім де сен, Оң қабағым тартады күлімдесең...»
Өнер • 30 Наурыз, 2023
Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония сахнасында «ALEM» заманауи хореография балеті «Solo» пластикалық дивертисмент қойылымының премьерасын ұсынды.