Маржан ӘБІШ
Маржан ӘБІШ«Egemen Qazaqstan»
816 материал табылды

Өнер • 23 Қаңтар, 2023

Бірегей

Сурет өнерінде ұлттық тақырыпты жазатын авторлар көп болса да, әрқайсысының қаламы әртүрлі жыр айтады. Ұлттық деген нақыштың өзі суретшінің көзқарасында сан бояуда түрленіп, бөлек қалыпта тууы мүмкін. Кәсіби шебер, Қазақстанның халық суретшісі Айша Ғалымбаеваның шығармашылығында да туған жер – туған дала, біздің адамдар, біздің дәстүр, біздің тау өзінше бір мақаммен өріледі. Аты аталғанда «тұңғыш» сөзі қатар жүретін тұлға ой-қиялындағы ұлттық элементтерді тек таза кенеп бетінде қолданып қойған жоқ. Киносуретші атанып, қазақтың ұлттық киімдерінің үлгісін жасаған шеберге айналды.

Әдебиет • 17 Қаңтар, 2023

Қызыл алма – ақ махаббат

Бәрімізге сүйікті жазушы Шыңғыс Айтматовтың бір кейіпкері – Исабеков секілді біз де бұл жазуды неден, қалай бастарымызды білмей ұзақ толғандық. Дүниенің азабы екен, қағаз бетін қызыл сөзге айналдыру бір сәрі, жазда жауған ақ жауындай жып-жылы сезімді, жо-жоқ, ынтыққан ыстық сезімді жеткізу қандай қиын. Бәлки, «Қызыл алманы» бірінші рет оқып, алғашқы әсермен тамсанып отырсақ, жөн екен дерсіз. Қырық бес рет парақтап, әр оқыған са­йын ішің жылып, көңілің толқыса да қағазға бір тәуір сөз түсіре алмау – неткен сұмдық. Бар жан-тәніңді еліткен шығармадан бір үзік сыр айта алмай, осыншалық тұралайтын бұл қаламға да кейде күмәнданасың.

Өнер • 16 Қаңтар, 2023

2023: жоспар мен жоба

Жылдың басы әр шығармашылық ұжым үшін тың жобалар мен жаңалықтардың жарқын бастауы іспеттес. Ел астанасының мәдени ошағы «Астана Опера» театрында да осы маусым бірқатар премьераға толы болды. Мәселен, Дж.Пуччинидің «Богема», Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» опералары, Р.Ребектің хореографиясында С.Прокофьевтің «Күлбике» қиял-ғажайып балеті, А.Аданның шытырман оқиғалы «Корсар» балеті мен Күләш Байсейітова атындағы Камералық залдағы концерттер театр репертуарына ерекше серпін берді. Одан бөлек биылғы мерейтойлық маусымға орай гастрольдік сапарлар, «Жібек жолы» халықаралық опера және балет фестивалі мен Umai тұңғыш ұлттық сыйлығы театр тарихындағы айтулы оқиғалар тізбегінде қалды.

Руханият • 12 Қаңтар, 2023

Минскіде өнер көрсетеді

Ел астанасының мәдениет ошағына айналған «Астана Опера» театры ұжымынан шығармашылық жаңалықтарды жиі естиміз. Мәселен, театр солисі Анастасия Заклинская мен театрдың балет труппасының әртісі Диас Құрманғазы 29 қаңтарда Беларусь Үлкен театрының сахнасында А.Аданның «Жизель» балетінде басты партияларда өнер көрсетеді. Дирижер тұғырында – маэстро Юрий Караваев (Беларусь).

Әдебиет • 12 Қаңтар, 2023

Білгенге – маржан

Мұғалім Толстой Сонау 1859 жылы Лев Толстой халыққа білім беруге бекініп, әйгілі Ясная Полянасында шаруа балаларына арнап мектеп ашты. Жазушы кез келген адамды ешбір мәжбүрлеусіз оқытуға болады деп санайтын. Оның білім беру жүйесінде ең ауыр жаза – сабаққа кіргізбеумен ғана шектелді. Толстой ақсақалдың мектебінде іргедегі ауылдардан қырық шақты бала оқыған. Мұнда оқу, әрине тегін: жасөспірім ұлдарға да, қыздарға да арналды. Білім ошағында Мәскеу мен Туланың семинаристері, тіпті графтың өзі де ұстаздық етті. Ол оқушыларды тату отбасына айналдыруға тырысатын. Ал мектепке келу ешкімге міндеттелмеді – сөйтсе де сабақтан қалушылар аз болған деседі. Оқу, тарих, математика пәндерінен бөлек ұсталық­қа, ауылшаруашылық жұмыстарға да үйретті.

Руханият • 06 Қаңтар, 2023

«Балалар жазушысы» деген – жаңсақ түсінік

Кез келген ақын-жазу­шы­ның жүрек түкпірінде бүл­кіл­деп жүрген бір ойы, яки тақырыбы болса керек. «Бә­рін түгесіп, тауысып жаздым» деген ешкім жоқ. Қалам ұста­ған әр жанның көзінің тірісінде, әйтеуір бір жазары бар. Әдеби сауалдамамыздың кезек­ті авторы – Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Нұрғали Ораз. Дәстүрлі сұрақ: не жазып жүрсіз?

Өнер • 28 Желтоқсан, 2022

«UMAI» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары

Ел астанасында биыл тұңғыш рет ұйымдас­тырылған өнер саласындағы үздіктерді іріктейтін «UMAI» ұлттық сыйлығының иегерлері анықталды.

Оқиға • 23 Желтоқсан, 2022

«Dala dauysy» даралары

Ел астанасында Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған жүлде қоры 46 млн теңгені құрайтын рес­публикалық «Dala dauy­sy» шығармашылық бай­қауы­ның жеңімпаздары марапатталды. Мәдени мұра­лар­ды сақтау, қайта жаң­ғырту, сондай-ақ дәстүрлі, классикалық, эстрада және театр өнері бағытында жаңа туындыларды жарыққа шы­ғаратын авторларды қол­дау мақсатында өткен бай­қау бес аталым бойынша 16 сыйлықты қамтыды.

Қоғам • 22 Желтоқсан, 2022

ТҮРКСОЙ: 2023 – Темірбек Жүргенов жылы

Ұлттық академиялық кітапханада ТҮРКСОЙ халық­ара­лық ұйымының мерейтойлық білім беру аясында «ТҮРКСОЙ: ынтымақтастық пен жасам­па­з­дыққа 30 жыл» атты халықаралық кітап-иллюстрациялық көр­месі ашылды.

Руханият • 21 Желтоқсан, 2022

Қазақ данасына арналған Ташкент көрмесі

Өзбекстанның бейнелеу өнері галереясында ақын Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған «Абай. Бауырлас халықтардың мұрасы» атты көрме ашылды. Рухани іс-шараның ашылу салтанатына Өзбекстан Премьер-министрінің орынбасары, Туризм және мәдени мұра министрі Әзиз Әбдіхақымов, Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Бейбіт Атамқұлов, «Жидебай-Бөрілі» Абай музейінің директоры Тұрдықұл Шанбай, Бейнелеу өнері галереясының директоры Камола Акилова және зиялы қауым өкілдері қатысты. Сондай-ақ Ташкент қала­сында Абай Құнанбайұлы ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.