
Өнер • 20 Желтоқсан, 2022
Өткен апта аяулы Алматы шаһары мәдени мерекенің алтын ошағындай сезілді. Сонау 1998 жылы бастау алған Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі пандемияға байланысты екі жылдық үзілістен кейін Алатаудың етегіне қайта оралды. XVI маусымын ашып отырған дүбірлі дода биыл да әзелгі мақсатынан айнымай, қазақ киносын өнер және жеке индустрия ретінде дамыту, жұртшылықтың киноға деген қызығушылығын арттыру, кинематография саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуды көздеп отыр.
Әдебиет • 13 Желтоқсан, 2022
Жазу туралы... Жазушы үшін жазудан қиын һәм жазудан оңай дүние жоқ секілді. Әр ақын өзінің әйтеуір бір жақсы өлең жазатынына сенеді, әр жазушы қаламынан алда бір тәуір шығарма туатынын күтеді. Жазудың иесі жазушы болғандықтан, көркемсөз дегеніңіз ақ қағазға судай құйылмай ма дерсіз. Жазу – мехнат, жазу – азап, тіпті «тәтті тамұқ». Дегенмен автордың шығармашылық тынысына тек көркем туындысы ғана әсер ете ме? Олжас Сүлейменовтің ұстазы, атақты ақын Борис Слуцкий жас шәкіртіне: «Міне, көрдіңіз бе, мен мынандай шағын мүсіндер жинауға кірістім. Ақын адам жыр шумақтарын ғана жинастырумен шектелмей, дүниедегі барлық құбылысқа қызығушылық танытуы керек. Сіздің бір кезең қаламды суытқаныңыздан әлемдік поэзия қоңылтақсып қалмайды. Қайта, қолыңыз өлеңге сондай үзілістерден кейін жүре бастамақшы. Ал тек жазу-жазу деп бір нүктеге қадалып алсаңыз, шабытты тіксінтесіз. Ол зорлықты көтермейді», дейді. Сөз-ақ.
Қоғам • 09 Желтоқсан, 2022
«Алтын тобылғы» байқауының салтанаты
Ел астанасында «Алтын тобылғы» республикалық әдеби байқауы қорытындыланды. Оған түрлі жанрда қалам тербеп жүрген 18 бен 35 жас аралығындағы қаламгерлер қатысты.
Ахмет Байтұрсынұлы • 07 Желтоқсан, 2022
Ұлттың сапа деңгейін көтеруде Ахмет Байтұрсынұлының еңбегі орасан. Рухани көсемнің ЮНЕСКО көлемінде тойланған 150 жылдық мерейтойы елдігімізді танытты. Таяуда Ұлттық музейде Алаш ардақтысына арналған «Ұлттың ұлы ұстазы» атты дөңгелек үстел өтті.
Әдебиет • 07 Желтоқсан, 2022
Мәдениет және спорт министрлігі биыл тұңғыш рет шығармашыл жандарға арналған «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығын жариялаған еді. Жалпы жүлде қоры 35 млн теңгені құрайтын ауқымды байқаудан үміттілер көп болды. Десек те бақ шаба ма, бап шаба ма?..
Дәстүр • 05 Желтоқсан, 2022
Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының Камералық хоры «Тал бесіктен – жер бесікке…» атты театрландырылған қойылым ұсынған еді. Сахналық туындыға деген алғашқы әсер резонанс тудырып, жоғары бағаға ие болды. Сол қойылым араға жыл салып, күні кеше ғана «Астана Опера» театрының Күләш Байсейітова атындағы камералық залында көрсетілді.
Қоғам • 02 Желтоқсан, 2022
Министрлер балалар басылымына қолдау білдірді
Биылғы баспасөзге жазылу науқанына орай Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі мен Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов ел астанасындағы «Қазпошта» бөлімшесіне барып, бірқатар газет-журналға жазылды. Аталған ведомство басшылары Балалар жылының қарсаңында негізінен балаларға арналған басылымдарға басымдық бергендерін айтты.
Сұхбат • 30 Қараша, 2022
Өнер адамы үйренуден жалықпауы керек
Ел астанасында өткен Өзбек мәдениеті күндері аясында опера әншісі, Өзбекстанның халық әртісі, әйгілі Пиязовтар әулетінің мүшесі, Ла Скаланы бағындырған қандасымыз Жеңісбек Пиязовтың өнеріне кезекті рет куә болдық. Бас-баритон дауысқа тамсанбау да қиын. Орда бұзар отыз жасында көл-көсір қошеметке, атақ-даңқ пен марапатқа қол жеткізген өнерпазбен сахна сыртында аз-кем әңгімелесіп үлгердік.
Әдебиет • 28 Қараша, 2022
Адам жан-дүниесінің қатпар-қатпар сырына, құбылмалылығына, түу тереңде тыншып жатқан кей мінездердің кездейсоқ бір сәттерде шыға келетініне шын өмірден гөрі көркем шығармада анық көз жеткізіп жатамыз. Әрине, нағыз суреткер жазушы ғана кейіпкердің санасына дейін сәуле түсіріп, ішкі күйін, әр сезімін, түрлі оқиғадағы жылт еткен ойын, әсерін, толғанысын шебер жаза алады. Сұлу сөз, сылдыр сөйлем, жансыз теңеуден ада қаламгер ғана адам жанының әр толқуын шынайы жеткізе алады.
Қоғам • 25 Қараша, 2022
Кейінгі уақытта елімізде шығармашыл жастарды қолдау мақсатындағы түрлі жоба көбейіп келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен қолға алынып жатқан бастамалар бұл күнде нәтижесін беріп те үлгерді.