
Әдебиет • 28 Қыркүйек, 2022
Театр • 14 Қыркүйек, 2022
Елордалық театрлар бірінен кейін бірі жаңа маусымын ашып, халықпен қауышып үлгерді. Биылғы маусымның, әсіресе Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры үшін жөні бөлек. Жас қанат өнер ұжымы ІІІ театр маусымын Мұхтар Әуезовтің «Абай-Тоғжан» музыкалық драмасымен ашты.
Өнер • 13 Қыркүйек, 2022
Жуырда елордалық көрермен әуезді әуен тыңдап, күнделікті қоңыр тіршіліктен сергіп бір демалды дерсіз. Бұл мәдени демалысты Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның симфониялық оркестрі ұсынған Sympho vibe концерті сыйлады.
Руханият • 08 Қыркүйек, 2022
Құстардың қайтар мезгілі келді. Қоңыр күзде қоңыр әнге сала ұшады енді. Біз төбемізден құстар көшкенде қол бұлғаймыз. Қимаймыз. Құс – өмірдің еркіндігіне мұңая қызығамыз. Сонда бұл өмірде шарасыз адам ғана ма дейсің.
Қоғам • 07 Қыркүйек, 2022
Биылғы Балалар жылына орай Ұлттық музейде «Музейдегі мектеп күні» мәдени-білім беру жобасы таныстырылды. Аталған жоба музей жәдігерлері мен коллекцияларын пайдалана отырып, 5-9 сынып оқушыларының қоғамдық-гуманитарлық пәндер (Қазақстан тарихы, Дүниежүзі тарихы, өлкетану және т.б.) бойынша теориялық білімін практика жүзінде бекітуге бағытталған. Игі бастаманың таныстырылымына Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев қатысты.
Өнер • 07 Қыркүйек, 2022
Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының солистері мен «Сарыарқа» фольклорлық ансамблі, сондай-ақ Ғ.Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті Мүгілсін Ахметқызының (Аққыз) 125 жылдығы мен Мағауия Хамзиннің 95 жылдығына арналған «Күй ғұмыр» мәдени сазды кешін ұсынды. Концерт «Астана Опера» театрының камералық залында өтті.
Әдебиет • 06 Қыркүйек, 2022
Әдебиет туралы айтылар анықтама көп. Өнер, көркем ой, талант, шеберлік, суреткер, сезім, шабыт. Ең бастысы, әдебиет әрқашан өмірді жырлайды. Адам жанының тереңіне үңіледі. Әр сәтін, әр күйін, әр құбылысын суреттейді.
Өнер • 06 Қыркүйек, 2022
Ұлттық музейде TAMYR шығармашылық тобының «Арба» көрмесі ашылды. Іс-шараға мәдениет және қоғам қайраткерлері, танымал суретшілер, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері қатысты.
Ахмет Байтұрсынұлы • 05 Қыркүйек, 2022
Ел астанасында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай және Тіл мерекесі аясында «Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы және Әділетті Қазақстанның зияткерлік сабақтастығы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Тарихи тұлғаның дәл туған күнінде ұйымдастырылған алқалы жиынға Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, сондай-ақ зиялы қауым мен әдебиетшілер қатысты.
Қазақстан • 02 Қыркүйек, 2022
Қазақы тұқымдарды сақтау жайы қаралды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің Іс Басқармасына жеті қазынаның бірі – қазақы тазы мен төбет тұқымдарын сақтау жұмысын қолға алуды тапсырды.