
Руханият • 03 Наурыз, 2022
Заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығы аясында Қазақ радиосының әуе толқынынан «Абай жолы» роман-эпопеясының аудионұсқасы беріледі.
Руханият • 27 Ақпан, 2022
Алаштың рухани көсемі ардақталды
Ұлт тарихында қазақтың ілімі мен білімін негіздеп, қалыптасуына орасан еңбек сіңірген тұлғалар баршылық. Әсіресе «тар жол, тайғақ кешулі» заманда тұтас ұлттың ұстазына айналған Ахмет Байтұрсынұлын ерекше атап өтеміз. Биыл Алаштың рухани көсемінің туғанына 150 жыл толып отыр.
Әдебиет • 23 Ақпан, 2022
«Сағатыңыз қанша болды, жапырақ, Сағатыңыз неше болды, көбелек?» Ерлан Жүніс
Әдебиет • 22 Ақпан, 2022
Қоғамға өзіңнің керексіз һәм қызықсыз екеніңді сезіну, әсіресе шығармашыл адамдарға өте ауыр. Ал бұл шындықпен бетпе-бет келсеңіз, тіпті сұмдық. Герман Гессенің «Авторлық кешіндегі» жазушы-кейіпкердің Квербург қалашығына жасаған сәтсіз сапары есіңізде болар. Оқырмандармен кездесуге барған жас автор бүкіл қала өзін күтіп отыр деп ойлайды, алайда ол кешке ешкім келмейді. Әңгіме ғасыр бұрын жазылса да, бүгінгі қоғаммен бір ұқсастығы бардай көрінеді. Әлқисса.
Кино • 22 Ақпан, 2022
Асқар Ұзабаевтың «Бақыт» көркем фильмі 72-ші Берлин халықаралық кинофестивалінің (Берлинале) «Панорама» секциясында бас жүлдеге ие болды.
Өнер • 21 Ақпан, 2022
Қазақстандық FORTE TRIO мемлекеттік триосы Еуропа мәдениетінің орталығы Берлин филармониясында өнер көрсетті. Бетховеннің скрипка, виолончель және оркестрмен фортепианоға арналған атақты концертін отандық әртістер Берлин симфониялық оркестрімен бірге орындады.
Әдебиет • 21 Ақпан, 2022
Ел астанасында жақында ашылған Qazaqbooks кітап дүкенінде жазушы Мәди Айымбетов оқырмандармен кездесу өткізіп, автограф-сессия ұйымдастырды.
Кино • 18 Ақпан, 2022
Режиссер Фархат Шәріповтің «Схема» атты фильмі 72-ші Берлин халықаралық кинофестивалінде Гран-приді ұтып алды.
Әдебиет • 18 Ақпан, 2022
Кейде таңғы кофеңді ішіп отырып ойланасың: оқырман кімге өкпелі? Жазушы кімге өкпелі? Қоғам кімге өкпелі?.. Тыңдасаңыз, осы үш тараптың да бір-біріне қояр уәждері орынды сияқты көрінеді. Оқырман жазушыдан жақсы шығарма күтіп, көңілі қалған. Авторлар кітап оқитын оқырман іздеп, шарқ ұрып жүр (ақиқатында, қазір кітап оқитын қауым бар: бірақ тым аз). Ал қоғам екі жақты да кінәлайды һәм өзінің де айыпты екенін мойындайды. Расында да, оқырман кітап оқымайтыны үшін, ақын-жазушылар жақсы жаза алмайтыны үшін, қоғам әдебиетке көңіл бөлмейтіні үшін кінәлі емес пе?.. Иә, «әдебиет – ардың ісі» болғанымен, әдебиетте сот жоқ.
Қазақстан • 17 Ақпан, 2022
Мәдениет пен архив мәселелері – басты назарда
Ел астанасында «2021 жылы мәдениет және архив ісі саласындағы қызмет туралы. 2022 жылға арналған негізгі міндеттер» тақырыбында Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Алқалы жиынға Президент Әкімшілігі, Парламент пен Үкімет өкілдері, Қоғамдық кеңес мүшелері, мәдениет және архивтер саласындағы облыстық басқармалардың басшылары, мәдениет және архив саласындағы ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары қатысты.