Маржан ӘБІШ
Маржан ӘБІШ«Egemen Qazaqstan»
816 материал табылды

Қазақстан • 04 Қазан, 2021

Мәдени байланыс нығайды

Қазан айы Қазақстанда Беларусь Респуб­ликасының мәдениет күндері аясында елорда жұртшылығы «Керуен» ойын-сауық және сауда орталығындағы кинотеатрдан 10-нан астам беларусь фильмін тегін тамашалады.

Өнер • 30 Қыркүйек, 2021

ЭКСПО көрмесінде

Astana Ballet Дубайдағы ЭКСПО-2020 бүкіләлемдік көрме­сінде екі қойылым көрсетеді. Ду­бай опера сахнасында 27-28 қазан күндері «Махаббат туралы аңыз», ал 29-30 қазанда «Бейбарыс сұл­тан» балеті ұсынылады.

Кино • 27 Қыркүйек, 2021

Қазақ тілінде дубляждалады

Елімізде «Кинематография туралы» заңға сәйкес фильм­нің түпнұсқасын міндетті түрде қазақ тілінде дубляждау тала­бы енгізілмек.

Кино • 24 Қыркүйек, 2021

Деректі картиналар додасы

Алматы қаласында 23-28 қыркүйек ара­лығында Chaplin Mega Park кино­театрын­да QaraFest фильмдері көр­се­тіледі. Бағдарламада Чили, Түр­кия, Шве­ция, Германия, Норвегия, Фин­ляндия, Грузия, Бель­гия, АҚШ және Румыниядан он туын­ды бар. Бар­лық фильм түп­нұс­қа тілінде, қазақ және орыс субтитр­лерімен көрсетіледі. Ал онлайн-фестиваль 30 қыркүйек пен 9 қазан күн­дері өт­кізілмек. Айта кетейік, көрсе­ті­лімдер «Сорос-Қа­зақстан» қоры­ның және нидерландтық movies That Matter кинофестивалінің гранттар бағдарламасының қолдауымен ұйым­дастырылып отыр.

Кино • 23 Қыркүйек, 2021

Айтматов туралы деректі фильм

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы қырғыз­стандық әріптестерімен бірлесіп, жазушы Шың­ғыс Айтматов туралы деректі фильм түсіріп жатыр.

Театр • 22 Қыркүйек, 2021

Nur-Sultan theatre week театр фестивалі өтеді

Елорда әкімі Алтай Көлгінов Nur-Sultan theatre week халықаралық театр фестивалі өтетінін хабарлады.

Әдебиет • 21 Қыркүйек, 2021

Қазақ шығармасы АҚШ-та бағаланды

Кейінгі уақытта қазіргі прозада жаңа есімдер мен жақсы жаңалықтар орын алып жүр. Мәселен, жуырда ғана жазушы Бақытгүл Сәрмекованың әңгімелері АҚШ-тағы PEN AMERICA 2022 әдеби грантын жеңіп алды. Шығармаларды ағылшын тіліне әдеби аудармашы Миргүл Қали тәржімалаған.

Өнер • 21 Қыркүйек, 2021

Домбырашылар одағы өз жұмысын бастады

Алматы қаласында «Домбырашылар одағы» респуб­ликалық қоғамдық бірлестігінің ашылу салтанаты өтті. Жиынға одаққа мүше болған дәстүрлі әншілер мен күйшілер қатысты.

Өнер • 21 Қыркүйек, 2021

«Шыңырау» шыңға шықсын

Режиссер Жаңабек Жетіруовтың «Шыңырау» көркем фильмі Ресейде өтетін XXVII Халықаралық «Әдебиет және кино» кинофестивалінің негізгі байқауына қатысады. Кинокартина Әбіш Кекілбаевтың повесі желісімен түсірілген.