
Өнер • 17 Қыркүйек, 2021
Бела Барток шығармалары орындалды
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясы Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті «Астана опера» театрында әлемдік музыканың көрнекті өкілі, венгер композиторы Бела Бартоктың 140 жылдық мерейтойына арналған «Под знаком Белы Бартока» атты концерттер сериясын жалғастырды. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Ернар Мыңтаев.
Тәуелсіздік • 17 Қыркүйек, 2021
Орал қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында және дәстүрлі «Қала күні» мерекесіне орай JaiyqFilmFest халықаралық қысқаметражды және деректі фильмдер кинофестивалі өтуде.
Қоғам • 16 Қыркүйек, 2021
«Жас қаламгер» жобасы басталды
Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен елімізде алғаш рет мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Жас қаламгер» оқыту мектебі өз жұмысын бастады.
Өнер • 15 Қыркүйек, 2021
Ослодағы «Раушангүл сарайы» сахнасында Қазақ мәдениеті күні өтті. Жоба жетекшілерінің шақыруымен Қазақстан елшілігі Осло тұрғындары мен қонақтарына арнап мәдени қойылым ұйымдастырды. Алмагүл Қалелова бастаған норвег-қазақ мәдени орталығының мүшелері «Қосбасқан» мен «Аққуымсың» атты қазақ билерін ұсынды.
Кино • 14 Қыркүйек, 2021
Қазан кинофестивалінде үздік атанды
Режиссер Фархат Шәріповтің «18 килогерц» фильмі ХVII Қазан халықаралық мұсылман кинофестивалінің бас жүлдесін жеңіп алды. «Үздік толықметрлі ойын фильмі» атанған кинокартина операторлық жұмысы үшін де марапатталды.
Театр • 13 Қыркүйек, 2021
Күләш Байсейітованың есімі берілді
«Астана Опера» Камералық залы Күләш Байсейітованың есімімен аталды. Осыған орай 13 қыркүйекте «Қазақтың бұлбұлы» концерті өтті.
Әдебиет • 12 Қыркүйек, 2021
Абайдың «Қарасөздері» экрандалып жатыр
Президент телерадиокешені «Абайдың қарасөздері» киножобасының түсірілім жұмыстарын бастады. 15 бөлімнен тұратын туынды «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының» қолдауымен жүзеге асып отыр. Түсірілім жұмыстары Алматы қаласы мен Алматы облысының аумағында 25 қазанға дейін жалғасады.
Әдебиет • 07 Қыркүйек, 2021
Қазақ ақындарының жырларымен танысты
Қазақстандық зиялы қауым өкілдері мен кітапханашылардан құрылған делегация өкілдері «Соғыс және бейбітшілік» атты халықаралық экспедиция жобасы бойынша Ресей мемлекеттік кітапханасында Абай Құнанбайұлы, Жамбыл Жабаев пен Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған халықаралық көрмеге қатысуда.
Әдебиет • 07 Қыркүйек, 2021
Сиқырлы әлемнің бесінші кітабы
Былтыр әлемдік балалар әдебиетінің жауһарына айналған «Хәрри Поттер» топтамасының бірінші кітабы «Хәрри Поттер мен пәлсапа тас» романы тұңғыш рет қазақ тілінде жарық көрген еді. Одан кейін «Хәрри Поттер мен жасырын бөлме», «Хәрри Поттер мен Азкабан тұтқыны», «Хәрри Поттер мен от-сауыт» атты бөлімдері де аударылып, барлығы төрт кітап басылып шықты. Айта кетейік, британ жазушысы Жоан Роулиң ойлап тапқан сиқыршы бала Хәрри Поттер мен оның сиқыр әлемі туралы еңбектерді қазақ тілінде басып шығару құқығы Steppe & WORLD Publishing баспасына тиесілі.
Кино • 07 Қыркүйек, 2021
«Қызыл анар» – поэтикалық фильм
Режиссер Шарипа Оразбаеваның «Қызыл анар» («Красный гранат»/Red Pomegranate) атты жаңа фильмі 26-шы Пусан кинофестивалінің басты байқау бағдарламасына енді. Кинотуынды «Жаңа ағымдар» (New Currents) номинациясында бақ сынамақ.