
Өнер • 18 Қазан, 2024
Осы күз Астананың әсем жұртшылығы үшін ерекше сән апталығымен есте қалды. Санкт-Петербургтен келген белгілі дизайнерлер тобы елордалық сән үйірмелерінде мәдени басқосулар өткізіп, еліміздің сән өндірісіндегі тың жобалармен танысты.
Аңдатпа • 16 Қазан, 2024
17 қазан - «Электра» С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық Қазақ драма театрында А.Дюрконың «Электра» трагедиясы ұсынылады. Режиссері – Ж.Жұманбай.
Кино • 01 Қазан, 2024
Режиссер Асхат Кучинчирековтің «Бауырына салу» фильмі Оскар комитетінің «International Feature Film» аталымына ұсынылды. Көркем туынды жуырда ғана «Тұлпар» ұлттық сыйлығын иеленген еді. Айта кетейік, аталған фильм Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен түсірілді.
Өнер • 30 Қыркүйек, 2024
Өткен аптада Шымкент қалалық опера және балет театрының сахнасында «Астана операның» көптен күткен гастрольдік кеші өтті. Елордалық труппа ел композиторларының туындыларымен қатар, әлемдік опера жауһарларына толы бағдарламасын ұсынды. Айта кетейік, өнер ұжымының гастрольдік сапары Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өтіп отыр.
Әдебиет • 28 Қыркүйек, 2024
Адамды арман алдай ма, үміт алдай ма?.. Өмір өтіп, уақыт зырғыған сайын үміт ұлғая беретіні несі екен... Расында да, адам баласы жер теуіп тұрған шағынан қарағанда бойдан қуат кетіп, тіршіліктің жалғандығын ұғып үлгерген кезде үмітшіл бола бастайды. Шуақты күндердің сәулесі азая бергенде кеудесіне жылымық үміттің жібін байлайды. Ендігі ғұмырының бар жарығы – сол үміт. Өмірін ұзартатын да сол үміт сияқтанады. Осы үміт неге тағдырдың түрлі «тосын сыйын» тауысқан, өмірдің талай белесін аттаған жарым көңіл жандарға көріне береді екен?..
Әдебиет • 27 Қыркүйек, 2024
Өмір өткелдері: толғаныс пен тұжырым
Жалпы алғанда, жазу бір ғана істі білдіретін сөз болғанымен, әркім әртүрлі жазады. Әр автор қаламының өзіндік бояуы бар. Өз стилі, өз ережесі, өз тәсілі бар. Жазушы қауымы жыл он екі айдың қай уақытында да жазу үстелінде отырады деген аңыз болса керек. Шын суреткер көп уақыт ойында толғатып, қағазға түсіргенде будақтатып ала жөнеледі.
Қоғам • 27 Қыркүйек, 2024
Мәдени мұраларды қорғау бастамалары
Абай атындағы ҚазҰПУ-де Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен ЮНЕСКО қорғауындағы Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасын сақтаудың кешенді жоспарын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.
Өнер • 27 Қыркүйек, 2024
Елордалық труппа – Аспендос сахнасында
«Астана балет» театрының труппасы Аспендоста (Түркия) өткен XXXI халықаралық опера және балет фестиваліне қатысып, зор ықыласқа бөленді. Айта кетейік, елордалық өнер ұжымы аталған фестивальға шақырылған жалғыз шетелдік труппа.
Музей • 26 Қыркүйек, 2024
Лувр музейімен ортақ жобалар басталады
Астанада Ұлттық музейдің 10 жылдығына арналған Қазақстан музей конгресі өтті. Жиынға 12 елден 100-ден аса зерттеуші мен музей қызметкері қатысты. Ауқымды іс-шара аясында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Лувр музейінің Ислам өнері департаментінің директоры Сурая Нуджайыммен, Францияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Сильван Гиогемен кездесу өткізді.
Өнер • 19 Қыркүйек, 2024
Өнерде шекара жоқ. Өнерде талай тағдыр бар. Тасты жарып шыққан талант та өнер биігін бағындыра алатыны сөзсіз. Күні кеше ғана Лондоннан сүйінші хабар жетті. Елордалық Абылай Мұстафин Лондонда өткен «Алтын уақыттың дарыны» өнер байқауында ортасынан оза шауып, бас жүлдені еншіледі.