Маржан ӘБІШ
Маржан ӘБІШ«Egemen Qazaqstan»
816 материал табылды

Қазақстан • 19 Ақпан, 2021

Саланы цифрландыру – уақыт талабы

Кеше Ұлттық академиялық кітапханада Мәдениет және спорт министрлігінің онлайн форматта кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Министрліктің өткен жылғы жұмыстары қорытындыланып, биылғы жоспарлары баяндалған ауқымды жиынға Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов қатысты.

Қоғам • 18 Ақпан, 2021

Аты-жөнімізді латын әліпбиінде жазу ережелері әзірленеді

Алдағы уақытта ел азаматтарының аты-жөндері латын әліпбиінде жазылатын болады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің алқа мәжілісінде вице-министр Нұрғиса Дәуешов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Әдебиет • 18 Ақпан, 2021

«Абай арманы» мәреге жетті

«Ақ жол» партиясы ұйымдастырған Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына һәм Қазақ Республикасының 100 жыл­дығына арналған «АБАЙ АРМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚ ЕЛІ» атты халықаралық мүшәйраның қоры­тын­дысы жарияланды.

Әдебиет • 05 Ақпан, 2021

Сіз білесіз бе?..

Чарльз Диккенс «Жанып тұрған шамның жанында әрдайым шыбын-шіркейлер үйіріліп жүреді, бірақ бұған шам кінәлі ме?»

Әдебиет • 05 Ақпан, 2021

Марленнің рухани махаббаты

Гетеден Паустовскийге дейін Марлен Дитрих кітап оқу­ды жақсы көріп, сүйікті қа­лам­герлеріне Тәңіріндей сы­йын­ған деседі. Оның «ұлы» жа­зу­шыларының ең басында Иоганн Вольфганг Гете тұрып­ты. Актриса өзінің өмірлік қа­ғи­даттары мен адамдық ұстаным­дарын жастайынан оқыған кі­тап­тарынан түйгенін жиі айта­тын. 1920 жылы 19 жастағы Ма­рия Магдалена Дитрих скрип­кашылық өнерін дамыту үшін туған жері – Берлиннен кетеді. Қоныс аудару ол үшін әрі ауыр сынақ, әрі үлкен қуаныш болды. Қуаныш дейтініміз, актриса Гетенің теңдессіз шығармалар жазған Веймар қаласына кел­ді. Ол ешқашан өз «тәңір-жазу­шы­сымен» мұндай рухани жақын­дықты сезінген емес.

Руханият • 05 Ақпан, 2021

Екі кітап жарық көрді

Шоқан Уәлиханов атын­дағы тарих және этнология институты даярлаған қос кітаптың тұсаукесері өтті. Оның бірі – Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақа­ласын жүзеге асыру мақ­сатында жарық көр­ген «Ұлы даланың ұлы есім­дері» атты жинақ болса, екін­шісі – «Қожаберген ба­тыр» атты зерттеу.

Әдебиет • 03 Ақпан, 2021

Жаңа жылмен келген «Janr»

Парламент сайлауы өтіп, саяси науқанның абыр-сабыры басылар-басылмастан Жетісу жақтан жыл келгендей жақсы жаңалық жетті. Талдықорған қаласында жас қаламгерлердің басын қосар «Janr» әдеби клубы құрылды.

Оқиға • 29 Қаңтар, 2021

«Qasym» кітаптарына сұраныс жоғары

Былтыр кітапсүйер оқырманның қолынан түспей оқыған һәм кітап дүкендерінде де көп сатылған «Qasym kitaphanasy» серия­сымен шыққан кітаптар болды.

Оқиға • 29 Қаңтар, 2021

Балғын таланттарды баулитын бағдарлама

Елбасы кітапханасының Есілдің оң жағалауындағы музейінде Нұр-Сұлтан қаласының Балалар көркемсурет мектебі (БКМ) – ЮНЕСКО клубы түлектерінің дипломдық жұмыстарының көрмесі ашылды. «Туған өлкем» көрмесі балалар шығармашылығы мен қосымша білім беру ұйымдарын қолдау жөніндегі республикалық бағдарлама аясында ұйымдастырылды.

Оқиға • 28 Қаңтар, 2021

Биыл – «Жарқыраған мың күндік» жылы

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы 2007 жылдан бастап Ұлттық академиялық кітапхана мен Кітапханалар қауымдастығының бастамасымен һәм Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өткізіліп келеді. Айта кетейік, акция қазақ әдебиетін дамыту және үздік шығармаларды анықтау мақсатында ұйымдастырылады.