
Өнер • 08 Сәуір, 2024
Қылқалам ұшындағы бояу талантпен, шеберлікпен ұштасқан кезде сиқырға бергісіз дүние пайда болады. Сиқыр дейтініміз сол, халқымыздың маңдайына біткен тау тұлғаларының шын бейнесі де осы суретшілердің хас өнерінің арқасында жадымызда жаңғырып қалды. Мәселен, «қазақтан суретші шықты» деген сөзді айтқызған, Қазақстанның халық суретшісі Әбілхан Қастеев қаншама ұлт қайраткерлерінің бейнесін жазды. Автор салған сол бейнелер бүгінде тарихқа айналып, ұлт мәдениеті мен руханиятының асыл қазынасына айналды.
Таным • 28 Наурыз, 2024
Біз осы классиктермен бір планетада тұрамыз дейміз. Бірақ ғұмыры аңызға айналған ақын-жазушылардың ойы, болмысы мен мінезі, өмірі – өзінше бір бөлек әлем, бізден түу жырақтағы қабат-қабат аспаннан да жоғары кеңістік сынды. Әдебиет тарихында ақын-жазушылардың бойындағы қызық, бәлки оғаш, кейде қорқынышты, ерек ғадеттер мен іс-әрекеттер жиі кездеседі. Еркеліктері де аз емес және өздеріне жарасады. Шығармашыл адамдардың бұл біртүрлі мінезі – бар болмысы, өмірдегі шынайы қалпы. Кейде оқырман оларды осы тосын мінезі үшін, таңғаларлық әдеттері үшін жақсы көреді. Кейде түсінбей, шошып түседі. Басқа әлем деп отырғанымыз да содан шығар.
Таным • 27 Наурыз, 2024
Қазақ қоғамының бүгінгі күрмеулі мәселесінің бірі – оқу. Анығырақ айтқанда, оқырманның қазақ көркем шығармаларын оқуы. Бұл мәселенің айтылып жүргеніне көп жыл болды, һәм айтыла беретін секілді. Расында, қазіргі оқырман кімдерді оқып жүр? Қандай жанрдағы кітаптар көп оқылады? Әдеби сауалдамамыздың кезекті қонағы – жазушы Есболат Айдабосын. Дәстүрлі сұрақ: не оқып жүрсіз?
Мәдениет • 26 Наурыз, 2024
Күнделікті қоңыр тіршіліктің ырғағымен кейде жан дүниемізге, болмысымызға, өз өмірімізге бір сәт бағдар жасай алмай жатамыз. Сол үшін де адамдар театрға барса керек. Сахнадағы бізге біреудің өмірі болып көрінетін тағдыр, мінез шын мәнінде мына отырған өзіміз ғой. Сол оңаша қалып сырласпайтын, жатсынатын «өзімізді» көру үшін театрға асығатын болармыз. Жүрек түкпірінде бүгіп жатқан сыр мен мұң, сағыныш пен үміт, өкініш пен арманды сахнадағы кейіпкерлерден көріп жұбанамыз. Іштегі нәзік сезімдерге, бұлқыныстар мен толқыныстарға көрермен залынан сырттай қарап, шер тарқатамыз. Театрдың киесі де, қасиеті де сол, түрлі күйге түсетін адам жанының тереңіне бойлап, сезім қылын шынайы береді. Әлқисса.
Қоғам • 21 Наурыз, 2024
Ұлық мереке аясында ел астанасында алғаш рет «Наурыз бал» атты ауқымды іс-шара өтті. Бұл кеш түрлі елдердің дипломатиялық корпусын, халықаралық ұйым басшылары мен шетелдік компаниялар өкілдерін жинап, ұлттық нақыштарымыз бедерленген думанға ұласты. Классикалық өнер мен ұлттық бояу астасқан Наурыз тойы сан түрлі ойын-сауық пен көрмеге толы болды. Түрлі ұлттың мәдениеті мен өнері де ұлттық мерекенің мерейін асырды. Ағылшындар асық атып жарысты, елшілер би биледі.
Жәдігер • 19 Наурыз, 2024
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының мамандары Ұлыбританиядағы ғылыми-зерттеу экспедициясы аясында Лондон, Оксфорд, Манчестер қалаларындағы кітапханалар мен архивтерге, ғылыми орталықтарға барды. Зерттеу барысында мамандар 15 қолжазба мен 500-ге жуық архив құжатының көшірмесін алды.
Көрме • 13 Ақпан, 2024
Күні кеше Ұлттық музейде Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «National Geographic» журналының «Жануарлар әлемінің ғажайып суреттері» атты фотокөрмесі ашылды. Әлемнің түкпір-түкпірінде қырағы фотографтардың назарына іліккен түрлі таңғажайып сәттер мен жабайы аңдардың суреті көрген жанды табиғатпен етене жақындастыра түседі.
Театр • 04 Ақпан, 2024
Қуыршақ театры – кішкентай балдырғандарды ғана емес, ересектерге де ғажайып ертегі әлемінің сиқырлы сырын танытып, жақсылыққа, адамгершілікке, шынайылыққа шақыратын мөлдір мекен. Ертегілер еліне сапар шегіп, театр қойылымдарын тамашалаған әрбір көрермен көңілі қуанышқа бөленіп, өзгеше әсер алуы үшін Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры бірқатар іргелі істерді жүзеге асырып жатыр. Осы орайда, жуырда Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен театр ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Тағзым • 01 Ақпан, 2024
Ел астанасында белгілі театр режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Болат Атабаев туралы түсірілген «Мың жылдық ойын» деректі фильмінің тұсаукесері өтті. Авторы – журналист-жазушы Қанат Тілеухан.
Руханият • 29 Қаңтар, 2024
Газеттің мәдениет және әдебиет бөлімінде істеген соң, көркем шығарманы талдау, сыни пікір айту, рецензия жазу секілді әдеби ғадеттерден алыс кетпейміз. Әрине, кәсіби сыншы болмасақ та, қадари-халімізше өз ой биігімізден тәуір сөз айтуға тырысамыз. Десек те әр жазар қаламның бағытын айқындайтын беттүзер, ойтүзер, сөз суырар, кейде оталып, шабыттанар, темірқазық бір авторы болатыны анық. Ол өзі ылғи компьютеріңнің маңайында, қолсозым жерде жатады. Күнде жазып жүрген жазуың аяқасты қағазға түспей, қаламың кібіртіктеп, дүниенің азабына айналған сәтте сол бір аяулы кітапқа құшырлана қол жүгіртесің. Енді бір кезде оқып отырған мақалаңды өзің де жаза алатындай арқалана түсіп, жалың күдірейе түседі. Әдебиетшінің қалам-қуатынан күш алып, өз қаламың да жүгіре жөнеледі. Біздің сондай әбден парақталған киіз кітабымыздың бірі – «Шындыққа сүйіспеншілік», авторы – Сағат Әшімбаев.