Айгүл СЕЙІЛОВА
Айгүл СЕЙІЛОВА«Egemen Qazaqstan»
132 материал табылды

Қоғам • 13 Ақпан, 2020

Тұлғалар тағдырын толғайды

Алып тұмсығымен мұз құрсауларды күтір-күтір еткізіп жарып өте шығатын мұзжарғыш кемелерді теледидардан талай көрдік. Сол іспетті мұзжарғыш адамдар болады десек қате ме? Ел мен жердің тұтастығын, тіл мен ділдің бірлігін сақтап, ұлт мүддесі жолында білім мен ғылымды, өнер мен мәдениетті дамыту үшін өлшеусіз еңбек ететін, сол еңбегімен кейде тарихты өзгертіп жіберетін адамдарды өз басым алып мұзжарғыштарға теңеймін. Олардың аты өлмейді.

Руханият • 10 Ақпан, 2020

Қоғам келбетін көрсеткен кейіпкерлер

Әбдіжәмил Нұрпейісовтің «Қан мен тер» трилогиясы өткен ғасыр басындағы қазақ даласындағы саяси жағдайларды, әлеуметтік мәселелерді, адамдар арасындағы қарым-қатынасты үлкен толғаныспен кең ауқымда өрген ірі шығарма. Бұл шығармасы үшін жазушы Кеңестер одағының Мемлекеттік сыйлығын алды.

Руханият • 07 Ақпан, 2020

Басты құндылықтар қамтылған бағдарлама

Кеше Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қыз­метінің алаңында өткен баспасөз конференциясы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссия отырысының нәтижесіне арналды.

Руханият • 03 Ақпан, 2020

Журналистердің ұстазына арналды

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде филология ғылымдарының докторы, профессор, журналистика мәселелерін зерттеу институтының директоры, халықаралық ORBICOM ұйымының мүшесі, UNESCO профессоры, теоретик-ғалым, публицист Намазалы Омашұлының 70 жасқа толуына арналған «Еліміздің медиа кеңістігі: ізденістер мен жобалар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Қоғам • 29 Қаңтар, 2020

Мәселелерді бірігіп талқылады

Ұлттық академиялық кітапханада Мә­де­ниет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Президент жанын­дағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүше­лерімен, министр­лікке қарас­ты мәдениет, спорт және өнер қайрат­керлерімен кездесті.

Сұхбат • 24 Қаңтар, 2020

Тұрсын ЖҰРТБАЙ: Шындықтың елесін емес, өзін көркем сабақтауға тырысамын

– Тұрсын аға, өткен жыл­дың соңында «Әбіш әле­мі» бай­­қауында сіздің шы­ғар­ма­ңыз топ жарып, про­за са­ласы бойынша Гран-при ие­­ленді. Әңгімені осыдан бас­тасақ. Бәйгеге қандай шығар­ма­ңыз­ды қостыңыз? Әдетте, сіз әдеби байқаулардан бой көр­сетпеуші едіңіз?

Сұхбат • 06 Қаңтар, 2020

Несіпбек Айтұлы: Шығармаларымның алтын өзегі – тәуелсіздік

– Аға, жаңа жыл, жаңа жасыңыз құтты болсын. Биыл жетпіске аяқ басып тұрсыз. Жеті том­дығыңыз шықты. Өлеңдеріңіз бен поэ­ма­лары­ңызды шолып шыққанда «қара сөзбен жеті тұрмақ, жиырма том жазуға болатын шығар, ал, өлең сөзбен жеті том жазу қиын емес пе екен» деген ойға келдім. Сіз не дейсіз? Шабы­тыңыз барлық кезде шарықтап тұра ма әлде көп жазу үшін ақын өз-өзін белгілі бір тәртіпке, жүйеге түсіру керек пе?

Руханият • 30 Желтоқсан, 2019

Айдархан Әділбаев:Көп ақша сұрайтын режиссерлерден қауіптенеміз

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығында жұмыс қызу жүріп жатыр. Жуырда ғана мемлекеттік қаржыландырудан үмітті фильмдердің екінші байқауына өтініш қабылдау тоқтатылды. Қандай жобалар түсті, олар қалай іріктеледі, нәтижесі қашан шығады деген сынды дәстүрлі сауалдарымызды «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы төрағасының орынбасары Айдархан Әділбаевқа қойған едік.

Саясат • 26 Желтоқсан, 2019

Тіл мәселесі талқыланды

Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығында Президент Қ.Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіндегі қазақ тілін жаңғыртуға байланысты айтқан ойларының негізінде жиын өтті.