Taza.kz
Шыңғыс МҰҚАЕВ
Шыңғыс МҰҚАЕВ«Egemen Qazaqstan»
5922 материал табылды

Ауа райы • Бүгін, 16:11

Алдағы демалыста 41 градусқа дейін ыстық болады

Синоптиктер 20-21 маусым күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды. Болжамға сәйкес, демалыс күндері ауа райының өзгеруі атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты болады, деп жазады Egemen.kz.

Президент • Бүгін, 14:58

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Яков Милатович кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Екі елдің ресми делегация мүшелерінің қатысуымен жалғасқан келіссөздер барысында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық перспективасы талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмыс • Бүгін, 14:36

Мал ұрлығымен айналысқан 58 қылмыстық топ ұсталды

Биылғы 5 ай ішінде 266 мал ұрлығы фактісі тіркелді. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 11%-ға төмен. Сондай-ақ осы қылмыс түрінің ашылу көрсеткішінде оң динамика байқалып отыр, деп жазады Egemen.kz.

Оқиға • Бүгін, 12:56

Алматыда ер адам 11 қабатты үйдің терезесінен секіріп, көз жұмды

Алматы қаласының Бостандық ауданында 37 жастағы ер адам тұрғын үй кешенінің 11-қабатындағы пәтердің терезесінен секіріп кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға • Бүгін, 12:17

Шығыс Қазақстанда танысын 3 жыл бойы бопсалаған күдікті ұсталды

Аталған облыстың Шемонаиха қаласында полицейлер 39 жастағы ер адамның танысын бопсалап, ақшасын және мүлкін иемденгенін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Университет • Бүгін, 11:55

Университеттерге құжат қабылдау қашан басталады?

Ғылым және жоғары білім министрлігі 20 маусымнан бастап еліміздің барлық жоғары оқу орындарында қабылдау комиссияларының жұмысы басталатынын мәлімдеді. ҰБТ тапсырып, мемлекеттік білім беру гранттары конкурсына қатысуды жоспарламайтын талапкерлер 20 маусымнан бастап өздері таңдаған жоғары оқу орындарына ақылы негізде оқуға түсу үшін құжаттарын тапсыра алады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлем • Бүгін, 11:10

Филиппинде жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 78 адамға жетті

Филиппиннің оңтүстігіндегі Минданао аралы жағалауында 8 маусым күні болған магнитудасы 7,8 болатын жер сілкінісі салдарынан кемінде 78 адам қаза тауып, тағы 30 адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Бұл туралы бейсенбі күні Филиппиннің табиғи апаттар қаупін азайту және салдарын жою жөніндегі ұлттық кеңесі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Логистика • Бүгін, 10:11

Астана мен Алматыдан Ыстықкөлге тікелей рейс ашылды

Астанадан жолаушылар Ыстықкөлге тікелей рейспен қатынай алады. FlyArystan әуе компаниясының жаңа бағыты 3 шілдеден бастап іске қосылады. Рейстер аптасына екі рет – дүйсенбі және жұма күндері 31 тамызға дейін орындалады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • Кеше

20-21 жас аралығындағы салымшылардың жинағы жеткіліктілік шегінен асып кеткен

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) мәліметінше, 20-21 жас аралығындағы 14 салымшының жинағы жеткіліктілік шегінен асып кеткен. Атап айтқанда, 20 жастағылар үшін бұл шек – 6 670 000 теңге, ал 21 жастағылар үшін – 6 960 000 теңге, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға • Кеше

Министр сәбиімен бірге курьер болып жүрген әйелге қатысты пікір білдірді

Желіде сәбиін арқалап, курьер болып жұмыс істеп жүрген ананың суреті қызу талқыға түскені мәлім. Осы жағдайға байланысты Үкімет отырысында Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Асқар Ертаев ресми пікір білдіріп, отбасының шынайы жағдайын баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Яндекс.Метрика