Шыңғыс МҰҚАЕВ
Шыңғыс МҰҚАЕВ«Egemen Qazaqstan»
4073 материал табылды

Үкімет • 31 Шілде, 2025

Премьер-министр Түркістан облысындағы су саласының негізгі нысандарын тексерді

Премьер-министр Олжас Бектенов аталған аймаққа жұмыс сапары барысында су қоймаларының жай-күйімен, гидротехникалық құрылыстарды қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен және еліміздің оңтүстік өңірлерін тұрақты сумен қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан шаралармен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ЖОЛДАУ • 31 Шілде, 2025

Биыл 19,2 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі

Мемлекет басшысының қолжетімді баспанамен қамту жөнінде берген тапсырмаларын жүзеге асыру аясында биыл тұрғын үй құрылысы саласында рекордты көрсеткіш – 19,2 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Алғашқы алты айдың қорытындысы бойынша 7,9 млн шаршы метр пайдалануға берілгенін Үкіметте өткен баспасөз конференциясы барысында бірінші вице-премьер Роман Скляр хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Күрес • 31 Шілде, 2025

Жас балуан жаһан жеңімпазы атанды

Жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен Афина (Грекия) қаласында U17 әлем чемпионаты өтті, деп жазады Egemen.kz.

Спорт • 30 Шілде, 2025

Тарихи жетістік: Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатында қола жүлде жеңіп алды

Тбилиси (Грузия) қаласында өтіп жатқан семсерлесуден әлем чемпионатында Ұлттық құрама тарихи жетістікке жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Парламент • 30 Шілде, 2025

Қошанов Парламент спикерлерінің VI Дүниежүзілік конференциясында сөз сөйледі

Бүгін Мәжіліс төрағасы бастаған делегация Женева қаласында өтіп жатқан Парламент спикерлерінің VI Дүниежүзілік конференциясына қатысты. Ерлан Қошанов жалпы дебатта  сөз сөйлеп, екіжақты кездесулер өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан • 30 Шілде, 2025

Елімізде этносаралық қатынастар тұрақты

Мәдениет және ақпарат министрлігі азаматтық келісімді нығайту және этносаралық қатынастарды дамыту бағытындағы жұмыстарды жалғастырып жатыр. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша 95%-дан астам респондент елдегі этносаралық қатынастарды тұрақты әрі қолайлы деп сипаттаған, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аймақтар • 30 Шілде, 2025

Қарағандыда тазалық жұмыстары LED-экрандардан көрсетіледі

25 медиаборд пен 5 LED-экранда күн сайын абаттандыру мен тазалыққа қатысты ақпарат жаңартылып отырады. Сонымен қатар апталық статистика 53 қалалық маршруттағы экрандарда көрсетіледі, деп жазады Egemen.kz.

Аймақтар • 30 Шілде, 2025

Абай облысының шаруаларына 47,2 млн текше метр су берілді

«Қазсушар» РМК жергілікті филиалы шаруа қожалықтарымен суармалы су беру бойынша 355 келісімшарт жасасты. Аймақта «Қазсушар» филиалының су шаруашылығы нысандары Үржар, Жарма, Көкпекті, Ақсуат аудандарында орналасқан, деп жазады Egemen.kz. 

Ұлттық спорт • 30 Шілде, 2025

Тоғызқұмалақтан әлем кубогі аяқталды

Чехияның Пардубице қаласында 21-30 шілде аралығында тоғызқұмалақтан әлем кубогі рапид және блиц түрлері бойынша өтті. Оған Чехия, Оңтүстік Корея, АҚШ, Румыния, Түркия, Австрия, Украина, Венгрия, Қырғызстан және Қазақстаннан 60-қа жуық спортшы қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға • 30 Шілде, 2025

Каспий теңізінде жер сілкінді

Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясы жанындағы Республикалық сейсмология қызметі орталығының мәліметінше, 29 шілде күні Каспий теңізінде жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.