
Тағайындау • 18 Наурыз, 2024
Қаржы вице-министрі тағайындалды
Үкімет қаулысымен Әсет Нұрланұлы Тұрысов бұрынғы қызметінен босатылып, қаржы вице-министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 18 Наурыз, 2024
Президент ЕАЭО шеңберінде медициналық бұйымдар айналысының тәртібі туралы хаттаманы ратификациялады
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 18 Наурыз, 2024
Инвестициялық ынтымақтастық перспективалары талқыланды
Премьер-министр Олжас Бектенов Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовпен инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту перспективалары бойынша кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 18 Наурыз, 2024
Түркиядағы каратэ турнирі: Қоржынға екі алтын, үш қола түсті
Түркияның Анталья қаласында WKF каратэден ересектер арасындағы Karate1 Premier League - Antalya 2024 турнирі аяқталды. Ведомствоға қарасты Спортты дамыту дирекциясы мәлім еткендей, әлемдік рейтингіде әр салмақ бойынша үздік 32 спортшы ғана бақ сынайтын ауқымды жарысқа 60 елден 400-ге жуық татами шебері жиналған. Қазақстаннан 14 каратэші қатысып, екі алтын, үш қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Наурыз, 2024
«Отбасылық ісіміз»: Орыс келін Анна қазақтың ұлттық киімін тігеді
Анна есімді келіншек ұлттық шапан тігу ісімен айналысады. Бұл туралы Александра Мыскина Facebook парақшасында видео жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 18 Наурыз, 2024
Тәшкенбай бастаған 4 боксшы «алтын», 4 боксшы «күміс» алды
Сербияның бас қаласы Белградта бокстан дәстүрлі Бранко Пешич мемориалы мәресіне жетті. Қазақстан бокс федерациясының мәлім етуінше, финалда жұдырықтасқан сегіз боксшының 4-еуі алтын, 4-еуі күміс алып, жалпыкомандалық есепте 1-орынға ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Наурыз, 2024
Дархан Қыдырәлі: Кез-келген азамат өзін жайлы һәм қауіпсіз сезінуі тиіс
Парламент Сенатының депутаты Дархан Қыдырәлі Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы туралы Instagram әлеуметтік желісінде пікірін білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 15 Наурыз, 2024
Президент атынан Ұлттық құрылтай қатысушыларына ауызашар берілді
Мемлекет басшысының атынан Ұлттық құрылтай қатысушыларына ауызашар берілді. Президент жиналған қауымды қасиетті Рамазан айымен құттықтап, оларға Ұлттық құрылтай жұмысына белсенді атсалысқаны үшін ризашылығын білдірді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Оразаға тұспа-тұс келген биылғы жиынның мән-маңызы ерекше екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 15 Наурыз, 2024
Ел азаматтары үшін жеңілдетілген жаңа ипотека іске қосылады
Ұлттық құрылтайда мәдени-гуманитарлық саланың және идеологияның жаңа бағдары айқындалады. Осының бәрі ұлттық бірегейлігімізді нығайту және елімізді қарқынды дамыту үшін өте маңызды. Дегенмен, өзгерістердің басты мақсаты – халықтың тұрмыс сапасын жақсарту. Сондай-ақ әр азаматтың жан-жақты дамуына жағдай жасау. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 15 Наурыз, 2024
Мемлекет басшысы: Елімізде су тапшылығы пайда болды
Дамыған елдерде жарық пен суға дейін үнемдеп пайдалану жоғары деңгейдегі қоғамдық мәдениетке айналған. Президент Қазақстанда мүлде кереғар жағдай қалыптасқанын айтты. Осы тұста миллиондаған адамның ысырапшылдығы бүкіл елдің байлығын желге ұшыратынын айтқан Мемлекет басшысы елдегі су мәселесін қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.