
Қылмыс • 02 Мамыр, 2024
«Мүлікке талас»: Ақтөбеде бұрынғы күйеуі әйелін тұншықтырып өлтірген
Қайғылы оқиға Ақтөбе облысының Сарқұл ауылында болды. Бұл туралы қоғам қайраткері Дина Таңсәрі айтып берген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 02 Мамыр, 2024
Президент «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысын қабылдады
Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұровты қабылдады. Президентке АХҚО-ның былтырғы және биылғы I тоқсанда атқарған жұмысының нәтижелері баяндалып, орталықты дамыту жоспары таныстырылды. Ренат Бектұровтың айтуынша, Қаржы орталығы іске қосылған сәттен бері елімізге 11 миллиард доллардан астам (2023 жылғы және осы жылдың алғашқы 3 айындағы 3,5 миллиард доллар қаржыны қоса алғанда) инвестиция тартуға атсалысқан. Бұл 2025 жылға алдын ала белгіленген мақсатты көрсеткіштен асып түсті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 02 Мамыр, 2024
Өзекті тақырыптарға арналған бейнероликтерге байқау жарияланды
Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Хабар» Агенттігі» АҚ экологиялық және қоғамдық мәдениет, қоршаған орта мен ресурстарға ұқыпты қарау (суды, электр энергиясын және т.б. үнемдеу) және мемлекеттік рәміздерді дәріптеу тақырыптарына арналған бейнероликтерге байқау жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz аталған ведомствоға сілтеме жасап.
Әлем • 02 Мамыр, 2024
«14 жастағы баланы өлтіріп, полицейді жаралаған»: Семсер ұстаған қылмыскер ұсталды
Сейсенбі күні, таңертең самурай семсерімен қаруланған ер адам Лондон көшелерінің біріне шығып, өтіп бара жатқан адамдарға шабуылдаған. Ер адам 14 жастағы баланы өлтіріп, бірнеше адамды, соның ішінде полиция қызметкерлерін де жаралаған, деп хабарлайды Egemen.kz Astana TV сайтына сілтеме жасап.
Президент • 02 Мамыр, 2024
Мемлекет басшысы Қаржы министрін қабылдады
Мемлекет басшысы Қаржы министрі Мәди Тәкиевті қабылдады. Президентке мемлекеттік қаржының негізгі параметрлері, оның ішінде биылғы І тоқсанда жұмсалған республикалық бюджет қаражаты туралы есеп берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заң • 02 Мамыр, 2024
Жоғарғы Сотта өмір бойына сотталған адамның ісі кассациялық тәртіпте қаралды
Жоғарғы Сотта ЖС төрағасы А.А.Мерғалиевтің төрағалығымен өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталған А.Ж.Тоғаевқа қатысты қылмыстық іс кассациялық тәртіпте қаралды. Отырыс сотталған А.Тоғаевтың, оның қорғаушысы-адвокаттың қатысуымен, сондай-ақ онлайн режимінде қатысқан жәбірленушінің өкілінің қатысуымен өтті. Бұл туралы Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 30 Сәуір, 2024
Grand Slam турнирі: Қазақстан сапынан 28 балуан сынға түседі
Астанадағы Grand Slam турнирінде дзюдодан Қазақстан ерлер құрамасынан 7 салмақ дәрежесі бойынша 28 балуан додаға түседі, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 30 Сәуір, 2024
Террористік тұрғыдан осал объектілер тексеріліп жатыр
Ішкі істер органдары адамдар көп жиналатын объектілерді тексеруді жалғастырып жатыр. ІІМ террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын тексеруді жалғастырып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 30 Сәуір, 2024
16 млрд теңге бөлінді: Қызылорда, Кентау, Риддер жылу көздері жаңғыртылады
Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Үкімет еліміздің жылу электр кешенін ауқымды жаңғырту бойынша жұмыстарды жалғастырып жатыр. Премьер-министр Олжас Бектенов Кентау, Риддер, Қызылорда қалаларындағы жылу көздеріне реконструкция және күрделі жөндеу жүргізу үшін Үкімет резервінен қаражат бөлу туралы қаулыларға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кино • 29 Сәуір, 2024
Алғаш рет Түркі әлемінің кинофестивалі өтті
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдық мерейтойына орай халықаралық «ТҮРКСОЙ» түркі мәдениеті ұйымы мен Технологияларды коммерцияландыру және креативті индустрия орталығының қолдауымен түркі әлемі елдерінің кино және медиа факультеттерінің студенттеріне арналған «Farabi Film Festival» кинофестивалі жұмысын бастады. Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Әзербайжан, Түрікменстан студенттері, оқытушылар мен киноматографтар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.