
Сенат • 13 Наурыз, 2024
Сенатта Қазақстан-Түркия жүк тасымалы туралы заң қаралды
Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста Қазақстан мен Түркияның халықаралық құрамды жүк тасымалындағы ынтымақтастық туралы заңды талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 13 Наурыз, 2024
Сенатор: Оқушылардың зиянды тағамдарды қол созым жерден алуы алаңдатады
Халықтың денсаулығын жақсарту мәселесі тақырыбында Сенат депутаты Бибігүл Жексенбай оқу-ағарту, денсаулық сақтау, сауда және интеграция, қаржы, мәдениет және ақпарат министрліктерінің, сондай-ақ «Қазақстан республикалық тұтынушылар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Табиғат • 12 Наурыз, 2024
Ботаникалық бақта бәйшешек гүлдеді
Алматының ботаникалық бағында бәйшешек гүлдеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 12 Наурыз, 2024
Жаяу жүргіншіні қағып, көзден тасаланған жүргізуші ұсталды
Семей қаласында Қаржаубайұлы көшесіндегі реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінде 31 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетіп, ізін суытқан жүргізуші ұсталды. Оқиға салдарынан түрлі жарақат алған жергілікті тұрғын ауруханаға жеткізілді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 12 Наурыз, 2024
Бокстан Олимпиадаға соңғы іріктеу турнирі Тайландта өтеді
Бұл туралы @sportqazaq телеграм парақшасы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 12 Наурыз, 2024
Үкімет басшысы: Қалдықтарды қайта өңдеп, өнім шығаратындар аз
Қалдықтарды қайта өңдеп, түпкілікті өнім шығарып отырғандар аз екенін, қалдықтарды басқару инфрақұрылымын дамыту мәселесі толық шешімін таппағанын, рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою мәселелері уақтылы шешілмейтіндігін Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 12 Наурыз, 2024
Қазақ боксшылары Париж Олимпиадасына 5 жолдама жеңіп алды
Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан әлемдік іріктеу кезеңі мәресіне жетті. 49 Олимпиада жүлдесі сарапқа салынған турнирде 11 боксшы (6 ер, 5 әйел) ел намысын қорғады. Әйел боксшылардан ширек финалға шыққан Валентина Хальзова және Алуа Балқыбекова қарсыластарына есе жіберді. Яғни, Қазақстанның әйелдер құрамасы олимпиадаға лицензия ала алмады, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әскер • 11 Наурыз, 2024
Үш облыс аумағында әскери техникалар жүріп өтеді
Қарулы күштердің жауынгерлік дайындық бағдарламасы шеңберінде наурыздың 11-19 күндері аралығында Қарағанды облысы аумағында екіжақты командалық-штабтық оқу-жаттығу өтіп, Қарағанды, Алматы, Жетісу облыстары аумағында күштер мен құралдардың қозғалысы жүзеге асырылады, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс минстрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 11 Наурыз, 2024
«Қарқынды еріген қар»: Жетісу облысында 19 аулаға су жайылды
Жетісу облысында егістіктерден қардың қарқынды еруінен Бескөл станциясының жеке тұрғын үйлерінің алдын ала ақпарат бойынша 19 аула аумағын су басқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Зерде • 11 Наурыз, 2024
«Қазақ даласының жұпар иісі бар»: 5-сынып оқушысы әтір жасап шығарды
Ақмола облысының Ақкөл ауданына қарасты Кеңес ауылының 5-сынып оқушысы Альбина Айдарханова жетекшісімен бірге қазақ даласының хош иісі сақталған әтір шығарды. Оқушыны «Жусанда туған жердің иісі бар» деген қанатты сөз (Сұлтан Бейбарыс туралы аңыздағы) шабыттандырған екен, деп жазады Egemen.kz.