
Қылмыс • 19 Сәуір, 2024
«Миллиондарды жеке қажеттіліктеріне жұмсаған»: Қостанай облысында бухгалтер ұсталды
Қамысты аудандық сотында қызмет бабын пайдаланып, біреудің сеніп тапсырылған мүлкін ірі мөлшерде ұрлағаны үшін кінәлі деп танылған бухгалтерге қатысты қылмыстық іс қаралды. Сотта өзінің қызмет бабын пайдаланған бухгалтер-кассирдің кәсіпорын кассасынан 8 600 000 теңгеден астам қолма-қол қаражат алғаны анықталды. Ол бұл ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған. Бухгалтер өз кінәсін толық мойындады. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 18 Сәуір, 2024
Тасқыннан зардап шеккендердің шығынын өтеу қағидаларын қайта қарау ұсынылды
Тасқын судан зардап шеккендерден біржолғы көмек бойынша құжаттар қарқынды түрде қабылданып жатыр. Алайда баспанасынан айырылған тұрғындар мемлекет тарапынан қажетті материалдық қолдау болмай қалуы мүмкін деп алаңдап отыр. Бұл мәселені сенатор Әсем Рахметова көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 18 Сәуір, 2024
Ғылымға қойылатын талапты төмендетпеу керек - Мәулен Әшімбаев
Бүгін Сенатта ғылым және білім беруді жетілдіруге арналған заң қаралғаны мәлім. Отырыс барысында Scopus базасына енетін халықаралық ғылыми журналдарға мақала жариялау туралы талап докторлық диссертация қорғауға кедергі келтіретіні жөнінде отандық ғалымдардың пікірі назарға алынды. Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки сол тұрғыда жұмыстар қолға алынғанын атап өтті. Осыған байланысты Палата Төрағасы отандық ғалымдар үшін шетелдік басылымдарға материал жариялау оңай емес екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ ол жалпы ғылымға қойылатын талапты төмендетпеу керек екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 18 Сәуір, 2024
Ақтөбеде спорт мектебінің екі тәрбиеленушісі қамауға алынды
11 сәуірде Есет батыр атындағы олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде сегізінші сынып оқушысы есінен танып қалған, кейінірек ол жедел жәрдем көлігінде қайтыс болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Сәуір, 2024
Апатты өңірлердің оқушылары ҰБТ-ға дайындала алмай отыр - сенатор
Тасқын су салдарынан бірқатар өңірдің мектептері оқушыларды қашықтан оқытуға көшкені мәлім. Сенатор Ғалиасқар Сарыбаев өзінің депутаттық сауалында тасқын судан зардап шеккен өңір түлектерінің ҰБТ-ға дайындық мәселесін көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 18 Сәуір, 2024
Сенаторлар ғылым және білім беру туралы заңды мақұлдады
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Палата отырысында «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне ғылым және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қаралып, мақұлданды. Жаңа нормалар ғалымдардың әлеуметтік кепілдіктерін жақсартуға және ғылымда қаржы ресурстарын пайдалануды оңтайландыруға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жануарлар • 18 Сәуір, 2024
Төртаяқты көмекші Жайықта бөгет салу жұмыстарына қатысып жүр
Атырау облысында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға белсенді жәрдемдесіп жүрген ит әлеуметтік желілердің жұлдызына айналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 18 Сәуір, 2024
«Ақтау-Құрық» тас жолында жол апаты болды
Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметі кеше, 17 сәуірде болған жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам ауруханаға жеткізілгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 17 Сәуір, 2024
Париж-2024: Лицензиялық турнирде 16 балуанымыз белдеседі
Осы айдың 19-21 күндері Қырғыз елінің бас шаһары Бішкекте күрес түрлерінен Азия аймақтық іріктеу турнирі өтіп, Париж Олимпиадасы жолдамаларына талас қызады. Грек-рим күресі және еркін күрестен ер балуандар бес салмақ тұрғысында, ал бұрымдыларымыз алты салмақ бойынша белдесулерге шығады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 17 Сәуір, 2024
Сенаторлардың су басқан өңірлерге сапары жалғасты
Сенатор Геннадий Шиповских Солтүстік Қазақстан облысындағы гуманитарлық көмек қабылдау пункттерін және эвакуация орталықтарын аралады. Депутат тұрғындармен кездесу барысында шығынды өтеу ережесі тұрғысында және мемлекеттік қолдау көрсету туралы көптеген сұрақтарға жауап берді. Ол зардап шеккендерге көмек көрсетуге атсалысқан еріктілерге алғысын білдірді. Сондай-ақ төтенше жағдайда тиімді әрекет ету және зардап шеккендердің өмірін қалпына келтіруге көмектесу үшін барлық тараптың күш-жігерін біріктіру қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.