Шыңғыс МҰҚАЕВ
Шыңғыс МҰҚАЕВ«Egemen Qazaqstan»
3624 материал табылды

Үкімет • 12 Сәуір, 2024

Арқалықта тасқыннан зардап шеккендердің үй алуына 405 млн теңге бөлінді

Үкімет қаулысымен тасқын салдарынан зардап шеккен Қостанай облысына қарасты Арқалық қаласы тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету үшін 2024 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Үкіметтің төтенше резервінен 405 млн теңге бөлінді. Қаржыландыру Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі арқылы комиссияның бағалауына сәйкес Арқалық қаласында үйлері қалпына келтіруге келмейтін отбасыларға тұрғын үй сатып алу үшін нысаналы трансферттер түрінде Қостанай облысының әкімдігіне жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қоғам • 12 Сәуір, 2024

Ұлттық ұланның 2700-ден астам жауынгері су басқан өңірлерде жүр

Ұлттық ұланның 2700-ден астам жауынгері, 120 техникасы және авиа транспорттары су басқан барлық өңірлерде белсенді көмек көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сілтеме жасап.

Елорда • 12 Сәуір, 2024

Астана су қоймасы 99%-ға толды

Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 12 Сәуір, 2024

Сенатор: Ауыл шаруашылығын дамытуға қаражат жеткіліксіз жоспарланған

2021-2025 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде Жамбыл облысына қомақты қаржы бөлінген болатын. 11 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер шамамен 30,6 млрд. теңге қаржыға ие болды. Алайда, сенатор Сәкен Арубаев ауыл шаруашылығы саласын дамыту үшін аталған қаражат жеткіліксіз жоспарланғанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент • 12 Сәуір, 2024

Мемлекет басшысы Грузия Парламентінің төрағасын қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Грузия Парламентінің төрағасы Шалва Папуашвилиге ілтипат білдіре отырып, Қазақстан Оңтүстік Кавказ өңіріндегі негізгі серіктестерінің бірі – Грузиямен жан-жақты қарым-қатынасты нығайтуға айрықша мән беретінін атап өтті. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Грузия арасындағы достық пен өзара түсіністік екіжақты байланыстарды тереңдету ісінде елеулі табысқа қол жеткізу үшін берік негіз болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қоғам • 12 Сәуір, 2024

Сенатор отандық ұн тартушылардың банкроттан құтқарылуын талап етті

Еліміздің ұн экспорты төмендеп кетті, ал шетелге астық сату – өсіп барады. Ұнның орнына астық сатып алу және өз диірменін жұмысқа пайдалану шетелдіктерге тиімді екені даусыз. Ал бұдан отандық ұн тарту кәсіпорындары зардап шегіп отыр. Сенатор Сұлтан Дүйсембинов өзінің депутаттық сауалында отандық ұн тартушылардың проблемаларын көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тұлға • 12 Сәуір, 2024

Бүгін академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл

Қаныш Имантайұлы 1899 жылы 12 сәуірде қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында (бұрынғы Семей губерниясының Павлодар уезіндегі Ақкелін болысы) Имантай бидің (руы Қаржас) отбасында дүниеге келді. Шын есімі – Ғабдул-Ғани.

Сенат • 11 Сәуір, 2024

Ғарыш саласын қаржыландырудың әдіс-тәсілдерін қайта қарау қажет – депутат

Сенатор Ғалиасқар Сарыбаев өзінің депутаттық сауалында Қазақстанның қолда бар ғарыштық әлеуетін сақтау және зымыран ғылымын дамыту жөнінде пәрменді шаралар қабылдауға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенат • 11 Сәуір, 2024

Депутат әрбір мемлекеттік органның ТЖ кезіндегі жауапкершілігін заңнамалық тұрғыдан бекітуді ұсынды

Еліміздің 10 өңірінде бұрын-соңды болмаған табиғи апат болып, төтенше жағдай тәртібі енгізілгені мәлім. Сенатор Ольга Булавкина өзінің Үкімет басшысының атына жолдаған депутаттық сауалында болашақта төтенше жағдай салдарын азайтуға көмектесетін бірқатар шараларды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қоғам • 11 Сәуір, 2024

Мәулен Әшімбаев: Жаңа заң ата-ана құқығынан айыруды көздемейді

Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заң ата-ана құқығынан айыруды көздемейді. Құжат ережелері әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында әзірленді. Бұл туралы Мәулен Әшімбаев Палата отырысы барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.