
Үкімет • 17 Шілде, 2025
Инвестиция көлемін арттыру жайы талқыланды
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин «ADCB» Ислам Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Гордон Хаскинспен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 17 Шілде, 2025
Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Елордада осы сенбі-жексенбіде яғни 19-20 шілде күндері кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Шілде, 2025
Жетісуда 100 мың гектардан астам егістік суарылған
Жетісу облысындағы «Қазсушар» РМК филиалы жергілікті шаруалармен су беру бойынша 7 мың 404 келісімшарт жасасқан. Вегетация кезеңі басталғалы 100 мың гектардан астам егістік жер суарылып, 527,5 млн текше метр су алынған, сондай-ақ 17 мың гектар алқапта ылғалдандыру жұмысы жүргізілген, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 17 Шілде, 2025
Медициналық колледждерді биыл 29 мыңға жуық түлек тәмамдаған
Медициналық колледждердің 28 мыңға жуық түлегі (96,5%) мемлекеттік емтихан тапсыру қорытындысы бойынша оң нәтиже алған. Сәтсіз емтихан тапсырушылар саны-1034. Республика бойынша білімді бағалау қорытындысы бойынша орташа балл 75,3 құраған, бұл – бағалау шкаласы бойынша «жақсы» деңгей, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 17 Шілде, 2025
Балқаш көлінің деңгейі 32 см-ге көтерілді
Биылғы жылдың бірінші жартысында Балқаш көлінің деңгейі орта есеппен 32 см-ге көтерілді. Нақтырақ айтқанда, Балтық жүйесі бойынша 341,55 метрден 341,87 метрге дейін. Жыл басталғаннан бүгінге дейін Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасынан Балқаш көліне 8,52 млрд текше метр су жіберілген. Былтыр осы кезеңде бұл көрсеткіш 8 млрд текше метр болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 16 Шілде, 2025
BaiQymyz фестивалінде 16 тоннаға жуық қымыз ұсынылады
Астанада «Қазанат» ипподромында осы айдың 19-20 күндері халқымыздың киелі сусыны – қымызға арналған бұрын-соңды болмаған көлемдегі «BaiQymyz – бапталған қымыз және ұлттық тағамдар» гастрофестивалі өтетіні мәлім, оған еліміздің барлық өңірінен 50-ден астам қымыз өндіруші қатысып, жалпы көлемі 16 тоннаға жуық қымыз ұсынылады деп күтіліп отыр. Гастрофистивалге қатысу тегін болады, деп жазады Egemen.kz.
Логистика • 16 Шілде, 2025
«Тобыл» логистикалық хабының құрылысы басталды
Қостанайда Қазақстанның солтүстігіндегі ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – «Тобыл» жаңа көлік-логистикалық кешенінің құрылысы ресми түрде басталды. Нысан қала аумағында орналасады және Президент белгілеген транзиттік стратегияны жүзеге асырудың негізгі нүктесіне айналмақ, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 16 Шілде, 2025
Президент әскери сала бойынша ҚР Заңына қол қойды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери-патриоттық тәрбие, әскери қызмет және жекелеген орталық мемлекеттік органдардың функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ЖОЛДАУ • 16 Шілде, 2025
200 мыңнан астам бала Келешек мектептерінде оқып жатыр
Мемлекет басшысының бастамасымен «Келешек мектептері» ұлттық жобасы белсенді түрде жүзеге асырылып жатыр. Бұл жоба – ел болашағына жасалған инвестиция, яғни әрбір бала заманауи, жайлы әрі шабыттандыратын ортада білім алуға мүмкіндік алады. Жоба аясында 460 мың оқушы орнына арналған 217 заманауи мектептің құрылысы жоспарланған. Бүгінде 122 мектеп құрылысының аяқталуы нәтижесінде 200 мыңнан астам оқушы қамтылып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 16 Шілде, 2025
Президент олимпиадада жеңіске жеткен оқушыларды құттықтады
Мемлекет басшысы Барселона қаласында өткен халықаралық STEM олимпиадасында, сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктерінде ұйымдастырылған химия пәнінен халықаралық олимпиадада жеңіске жеткен қазақстандық оқушыларға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.