Шыңғыс МҰҚАЕВ
Шыңғыс МҰҚАЕВ«Egemen Qazaqstan»
4073 материал табылды

Ұлттық спорт • 02 Мамыр, 2024

Ұлттық спорт туралы заң жобасы әзірленеді

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық аясында Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде «ҚР-да ат спорты мен ұлттық жылқы шаруашылығының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары» атты дөңгелек үстел өтті. Оған Ұлттық Ғылым академиясының президенті, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ректоры Ақылбек Күрішбаев, Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов, Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай, сондай-ақ Туризм және спорт министрлігінің, Ауыл шаруашылығы министрлігінің, ғылыми қоғамдастықтың, спорт клубтарының, Ұлттық спорт қауымдастығының өкілдері және оның құрамына кіретін федерациялардың басшылары мен атбегілер қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенат • 02 Мамыр, 2024

Сенаторлар цифрландыру және инвестициялық ахуалды жақсарту мәселелері туралы заңды мақұлдады

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Палата отырысы барысында сенаторлар депутаттардың бастамасымен әзірленген «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне байланыс, цифрландыру, инвестициялық ахуалды жақсарту және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды екі оқылымда қарап, мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент • 02 Мамыр, 2024

Мемлекет басшысы Ресей хоккей федерациясының президентін қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей хоккей федерациясының президенті Владислав Третьякты қабылдады. Кездесуде ТМД елдерінде хоккейді дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қоғам • 02 Мамыр, 2024

Қайрат Боранбаевтың бұрынғы қонақ үйі шамамен 4 млрд теңгеге сатылды

Қайрат Боранбаев мемлекет меншігіне өткізген Comfort Hotel Astana қонақүй кешені бойынша аукцион өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қылмыс • 02 Мамыр, 2024

«Мүлікке талас»: Ақтөбеде бұрынғы күйеуі әйелін тұншықтырып өлтірген

Қайғылы оқиға Ақтөбе облысының Сарқұл ауылында болды. Бұл туралы қоғам қайраткері Дина Таңсәрі айтып берген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент • 02 Мамыр, 2024

Президент «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысын қабылдады

Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұровты қабылдады. Президентке АХҚО-ның былтырғы және биылғы I тоқсанда атқарған жұмысының нәтижелері баяндалып, орталықты дамыту жоспары таныстырылды. Ренат Бектұровтың айтуынша, Қаржы орталығы іске қосылған сәттен бері елімізге 11 миллиард доллардан астам (2023 жылғы және осы жылдың алғашқы 3 айындағы 3,5 миллиард доллар қаржыны қоса алғанда) инвестиция тартуға атсалысқан. Бұл 2025 жылға алдын ала белгіленген мақсатты көрсеткіштен асып түсті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қоғам • 02 Мамыр, 2024

Өзекті тақырыптарға арналған бейнероликтерге байқау жарияланды

Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Хабар» Агенттігі» АҚ экологиялық және қоғамдық мәдениет, қоршаған орта мен ресурстарға ұқыпты қарау (суды, электр энергиясын және т.б. үнемдеу) және мемлекеттік рәміздерді дәріптеу тақырыптарына арналған бейнероликтерге байқау жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz аталған ведомствоға сілтеме жасап.

Әлем • 02 Мамыр, 2024

«14 жастағы баланы өлтіріп, полицейді жаралаған»: Семсер ұстаған қылмыскер ұсталды

Сейсенбі күні, таңертең самурай семсерімен қаруланған ер адам Лондон көшелерінің біріне шығып, өтіп бара жатқан адамдарға шабуылдаған. Ер адам 14 жастағы баланы өлтіріп, бірнеше адамды, соның ішінде полиция қызметкерлерін де жаралаған, деп хабарлайды Egemen.kz Astana TV сайтына сілтеме жасап.

Президент • 02 Мамыр, 2024

Мемлекет басшысы Қаржы министрін қабылдады

Мемлекет басшысы Қаржы министрі Мәди Тәкиевті қабылдады. Президентке мемлекеттік қаржының негізгі параметрлері, оның ішінде биылғы І тоқсанда жұмсалған республикалық бюджет қаражаты туралы есеп берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Заң • 02 Мамыр, 2024

Жоғарғы Сотта өмір бойына сотталған адамның ісі кассациялық тәртіпте қаралды

Жоғарғы Сотта ЖС төрағасы А.А.Мерғалиевтің төрағалығымен өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталған А.Ж.Тоғаевқа қатысты қылмыстық іс кассациялық тәртіпте қаралды. Отырыс сотталған А.Тоғаевтың, оның қорғаушысы-адвокаттың қатысуымен, сондай-ақ онлайн режимінде қатысқан жәбірленушінің өкілінің қатысуымен өтті. Бұл туралы Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.