
Қоғам • 18 Қаңтар, 2024
«Майқайыңалтын»: Автобустың сынған бөлшектері, тағы басқа заттар табылды
Павлодар облысында ойыққа құлаған автобустың болжамды орналасқан тұсында қазба жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталған жұмыс барысында автобустың сынған бөлшектері, оттегі баллоны, тыныс алу аппараты, құтқарушының сөмкесі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 18 Қаңтар, 2024
Нысана көздеуден Азия чемпионаты аяқталды
Нысана көздеуден Индонезия астанасы Джакартада Азия чемпионаты аяқталды. Шешуші күні мергендер тағы жүлделі болып, ел қоржынына 3 күміс жүлде салды, деп хабарлайды Egemen.kz qaz_olympics инстаграм парақшасына сілтеме жасап.
Спорт • 17 Қаңтар, 2024
Күллі әлем көз тіккен жарыстың тизері жарияланды
Күллі әлем көз тіккен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қыркүйек айының 8-14 күндері аралығында Астанада өтеді. 100-ден астам елден 4000-ға жуық спортшы қатысып, Астанаға 100 мыңнан астам турист келеді. Ат спорты, ұлттық күрес түрлері, садақ ату, жамбы ату, дәстүрлі интеллектуалды ойындар, саятшылық өнер, арқан тарту секілді ойынның 20 түрінен жарыс және ұлттық өнердің 10 түрінен арнайы көрсетілім сайысы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің Telegram парақшасына сілтеме жасап.
Оқиға • 17 Қаңтар, 2024
«Алапат өрт»: Шымкентте құрылыс дүкендері мен қоймалар отқа оранды
Шымкент қаласында құрылыс дүкендері мен қоймалар өртеніп жатқаны туралы хабар ТЖД-ға 17 қаңтарға қараған түні сағат 01:15-те түскен. Өрт Ескі қала ауданында Әйтеке би көшесі бойында құрылыс материалдарын сататын «Евролюкс» дүкенінің қоймасынан шыққан, деп хабарлайды Egemen.kz Turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.
Спорт • 17 Қаңтар, 2024
Баскетбол спорты кенжелеп тұр – Ермек Маржықпаев
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев баскетбол федерациясының басшылары және жаттықтырушылар штабымен кездесті. Жиын барысында федерация өкілдері баскетболдан ұлттық құрамалардың 2023 жылғы нәтижелерін қорытындылап, алдағы бәсекелерге дайындық жоспары таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 16 Қаңтар, 2024
«Бас Прокурорға хат жолдадық»: Бельгиялық асырап алған қазақ баласының оқиғасы күрделі
Бельгиялық азамат Қазақстанға келмей тұрып, Жәнібек Жұмағұловтың суреті мен жеке мәліметтерін электронды пошта арқылы алғанын және Арқалыққа келгенде бір кісіге қомақты қаржы бергенін мәлімдеген екен. Бұл туралы Жәнібектің заңды өкілі Қымбат Досжан айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 16 Қаңтар, 2024
«80 жылдан соң»: Жауынгер сүйегі елге жеткізілді
Atamnyn Amanaty қоғамдық бірлестігі Екінші дүниежүзілік соғысында қаза тапқан Кәдірбек Дәулетқұловтың сүйегін кіндік қаны тамған туған жеріне қайта жерлеу үшін Жамбыл облысына жеткізді. Бұл үшін Қазақстан Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің әскери-көліктік ұшағы арнайы рейс ұшырды. Жауынгердің сүйегін қарсы алуға арналған рәсім Тараз қаласы әуеайлағының әскери секторында ұйымдастырылды. Іс-шараға облыстың қорғаныс істері жөніндегі департаменті және «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері мен ардагерлері ұйымдарының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс ведомствосына сілтеме жасап.
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2024
Қазақ әнін шырқап жүрген кәріс әншіге домбыра тарту етілді
Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров қазақ әндерін кәріс тілінде шырқап жүрген әнші Сон Вон Сабпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz аталған аймақ әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 16 Қаңтар, 2024
Астанада екінші ауысымның оқушылары қалай оқитыны хабарланды
Бүгін Астанада екінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары ауа райының нашарлауы себебінен қашықтан оқиды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 16 Қаңтар, 2024
Әуежай арқылы 160 мың долларды алып өтпек болған жолаушы анықталды
Астана халықаралық әуежайының Авиациялық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері ұшу алдындағы тексеру жұмыстары барысында 160 000 АҚШ доллары көлеміндегі қаражатты шетелге алып өтпек болған жолаушыны анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz аталған әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.