
ЖОЛДАУ • 04 Шілде, 2025
«Келешек мектептеріне» жас педагогтерді іріктеу жалғасып жатыр
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының мәліметінше, Жаңа форматтағы жобаға іріктеуге қатысу үшін 917 өтінім түскен, тестілеуге 5 педагогикалық жоғары оқу орнының түлектері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 04 Шілде, 2025
Астанада Арыс көпірі ішінара жабылады
Елорданың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Арыс көпірінде орташа жөндеу жұмысын бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 04 Шілде, 2025
Астанада ауыр атлетикадан Азия бәсекесі басталды
Жасөспірімдер мен жастар арасында ұлдар мен қыздар санаты бойынша ауыр атлетикадан елордада Азия чемпионаты бүгін басталды, 10 шілдеде аяқталады. Турнир – Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешенінде өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 04 Шілде, 2025
Елордада Алматы көшесінің бір бөлігі жабылды
Астананың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы осы айдың 4-6 күндері аралығында Алматы көшесінің Сауран көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі учаскеде орташа жөндеу жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Зерде • 04 Шілде, 2025
Талдықорғандық оқушы Еуропа олимпиадасында топ жарды
География пәні бойынша Еуропа олимпиадасы (EGeo) Литва елінде өтті. Аталған білім бәйгесінде Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, жеті медаль жеңіп алды. Талдықорған қаласындағы №24 мамандандырылған лицейдің 9-сынып оқушысы – Дарын Бекбол топ жарды. Ол кіші (жасөспірімдер) санатында (12-15 жас) ең үздік атанып, алтын медаль иеленді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Шілде, 2025
Түркістан облысында 13 каналға реконструкция жасалды
Облыстың Түлкібас ауданында жалпы ұзындығы 108,7 шақырым болатын каналдың 76,3 шақырымы бетондалса, 32,4 шақырымына механикалық тазарту жүргізілген. Реконструкциялау нәтижесінде 8 632 гектар егіс алқабы қайта игеріліп отыр, аудандағы жалпы суармалы алқап көлемі 16 832 гектарға жетеді. Облысқа жұмыс сапары барысында сала министрі Нұржан Нұржігітов жасалған жұмыстардың нәтижесімен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Шілде, 2025
Мәжіліс депутаты Жетісу тұрғындарын қабылдады
Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Руслан Қожасбаев өңірлерге сапары барысында 2 шілдеде Жетісу облысына барды. Партияның облыстық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдаған депутатқа тұрғындар ауылдағы орта мектептің техникалық жағдайы, өзен арнасын тазалау және мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді әрі жайлы орта қалыптастыру және тағы басқа мәселелерді айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 03 Шілде, 2025
Астанада Нұржол бульвары учаскелері уақытша жабылады
Бас шаһардың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Нұржол бульварының Мәңгілік Ел даңғылынан Түркістан көшесіне дейінгі аралығындағы жоғарғы қабатын салу бойынша жұмыстарды жалғастыруына байланысты тұрғындар мен қала қонақтарына көлік қозғалысы уақытша шектелетіні хабарланды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 03 Шілде, 2025
Мемлекет басшысы Премьер-министрді қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа елімізде орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған экономиканы әртараптандыру және құрылымдық жаңғырту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы есеп берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жасанды интеллект • 03 Шілде, 2025
ЖИ базасында алғашқы тегін заңгерлік онлайн-сервис іске қосылды
LegalExpert.kz сервисін – Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті ItByDesign компаниясының IT-мамандарының командасымен бірлесіп іске қосты. Жасанды интеллект базасындағы жүйе жұмыс берушімен болған әдеттегі проблемалардан бастап, азаматтық, әкімшілік немесе қылмыстық құқық саласындағы неғұрлым күрделі жағдайларға дейін нақты уақыт режимінде шешуге көмектеседі, деп жазады Egemen.kz.