
Тағайындау • 25 Қыркүйек, 2023
Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Асан Қуанышұлы Жүсіпов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Еңбек • 24 Қыркүйек, 2023
Екі саусақпен портрет салатын суретші
Кәсібилік пен еңбексүйгіштік қоғамымызда ең жоғары орында тұруы қажет екендігі Мемлекет басшысының әрбір Жолдауында ерекше айтылады. Абай атамыз «Әуелі өнер ізделік, қолдан келсе» деген сөзінде «қолдан келсе» деп өнердің өлшеусіз еңбекті қажет ететіндігін ескертеді. Бірнеше жылдан бері елімізде кәсіби мереке ретінде аталып өтетін «Еңбек күні» қарсаңында өнер адамымен сұхбаттасқан едік. Біз сөйлескен азамат осыдан ондаған жыл бұрын кездейсоқ оқиға салдарынан үш саусағынан айырылса да, өнерін дамытып жүр. Екі саусақпен ғана портрет салатын суретші - Жанболат Бабаков.
Үкімет • 22 Қыркүйек, 2023
Балабақшаға есепке алудың бірыңғай базасы іске қосылады
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен комиссия отырысы барысында балабақшаларға кезекке тұруды автоматтандыру үдерісі туралы мәселе қаралды, хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 22 Қыркүйек, 2023
Қазақстан теннисшісі Юлия Путинцева жартылай финалға шықты
Қазақстан теннисшісі Юлия Путинцева (әлемнің 81-ракеткасы) Қытай қаласы Гуанчжоудағы WTA 250 турнирінде жекелей сында үшінші матчын да сәтті аяқтады, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 22 Қыркүйек, 2023
Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі тағайындалды
Бақытжан Шаймұхаметұлы Сапиев Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2023
Отырарда өндірілетін шұбат бүкіл Қазақстан нарығын қамтып отыр
Түркістан облысына қарасты Отырар ауданында өндірілетін шұбат ұлттық сусыны бүгінде бүкіл Қазақстан нарығын қамтып отыр. Ұлттық брендіміздің бағасы қолжетімді, сапасы жоғары, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 21 Қыркүйек, 2023
Азия ойындарына қатысатын таэквондошыларымыз белгілі болды
Қытай елінің Ханчжоу қаласында өтетін жазғы Азия ойындарына таэквондодан қатысатын Қазақстан құрамасының спортшылары анықталды, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2023
Словакияда «Қазақ киносы күндері» өтіп жатыр
Словакияның бас шаһары Братислава қаласында Қазақстан Елшілігі Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы және словакиялық серіктестермен бірлесіп ұйымдастырылған «Қазақ киносы күндерінің» ашылу салтанаты өтті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 21 Қыркүйек, 2023
Мемлекет басшысы Зүлфия Сүлейменованы қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі–Президенттің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Зүлфия Сүлейменованы қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 21 Қыркүйек, 2023
Екі апта хабар-ошарсыз кеткен екі жасөспірім табылды
Жетісу облысында жоғалған оқушыларды іздеу жұмыстары соңғы екі апта бойы жүргізілген. Полицейлер мен еріктілер екі жасөспірімді іздеп тапты, деп жазады Egemen.kz.