Көрме • 20 Қараша, 2023
Панфилов пен оның отбасына арналған көрме ашылды
Қазақстан Республикасы Қарулы күштері мемлекеттік әскери-тарихи мұражайының филиалында Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Иван Васильевич Панфилов пен оның отбасы мүшелеріне арналған «Отбасы тарихы – ел тарихы» атты көрме ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Балалар • 20 Қараша, 2023
Елімізде 1 млн 700 мыңнан астам бала мектепте тегін тамақтанады
БҰҰ Бас Ассамблеясының ұсынысы бойынша Дүниежүзілік балаларды қорғау күні 20 қарашада жыл сайын аталып өтіледі. Осы орайда Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Дүниежүзілік балалар күні: Өмірім балаларға арналады» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шара барысында Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан елімізде балалардың жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz ОҚК сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан • 20 Қараша, 2023
Су саласы мамандарының біліктілігін арттыруға мүдделіміз – министр
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Швейцарияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Салман Бал мырзамен және су ынтымақтастығы мәселелерімен айналысатын Швейцария даму және ынтымақтастық агенттігінің Blue Peace Central Asia (BPCA) бағдарламасының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 20 Қараша, 2023
Спортшыларымыздың өткен аптадағы жарқын жеңістері
Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі өткен аптадағы Қазақстан спортшыларының жалпы жетістіктері туралы деректерді жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Таным • 18 Қараша, 2023
Ағаш көркі - жеміс, адам көркі - жақсы іс – Саиф Сарай
Афоризм – бір үзік ой, оқыс пікір, оқшау сөз. Афоризм алғаш дүние құбылыстары жөнінде жинақталған білімдерін түйіндеп, пікір білдірудің бір түрі ретінде дүниеге келген. Қазақ афоризмдерінің асыл арнасы да сақ-скиф дәуіріндегі ойшылдар сөздерінен, көне түркі жазбаларынан бастау алады. «Афоризмдер» айдарында бүгін Саиф Сарай, Жиренше ойларын ұсындық.
Құтқарушы • 17 Қараша, 2023
Атыраулық құтқарушылар жоғалған қызды аман-есен тапты
Атырау қаласында 14 қарашада сағат 21:50-де үйінен белгісіз бағытқа шығып, оралмаған жиырма жастағы қызды бүгін сағат 10:20-да атыраулық құтқарушылар аман-есен тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жәдігер • 17 Қараша, 2023
Кенесары ханға Марал ишан тарту еткен Құран кітап Ясауи кесенесіне қойылды
Түркістанда Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысында Президент әйгілі Марал ишанның Кенесары ханға сыйлаған Құран кітабын Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне қоюды ұсынған еді. Осы орайда бүгін кітапты кесенеге тапсыру шарасы өтіп, оған облыс әкімі Дархан Сатыбалды, Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Кенесары ханның ұрпақтары қатысты. Бұл туралы аталған облыс әкімінің баспасөз қызметінен мәлім болды, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 17 Қараша, 2023
Параспортшылардың бөлек комитеті құрылатын уақыт жетті – депутат
Қазақстан Халық партиясы фракциясының мүшесі Сейітжан Кенжеғұл параспорт мәселелеріне қатысты депутаттық сауалын Атырау әкіміне және Бас Прокурорға, сонымен қоса, Туризм және спорт министріне жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 16 Қараша, 2023
Мемлекет басшысы Ғылым және жоғары білім министріне бірқатар тапсырма берді
Президент Ғылым және жоғары білім министрін қабылдаған кездесуде Президент тапсырмаларын орындау үшін Жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданғаны туралы баяндалды. Құжат аталған саланы өркендетудің стратегиялық міндеттері мен көрсеткіштерін айқындайды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 16 Қараша, 2023
Ұлттық гидрогеология қызметі құрылады
Президенттің тапсырмасы бойынша Су ресурстары және ирригация министрлігі жанынан Ұлттық гидрогеология қызметі қайта құрылады, деп хабарлайды Egemen.kz.