Шыңғыс МҰҚАЕВ
Шыңғыс МҰҚАЕВ«Egemen Qazaqstan»
3918 материал табылды

Парламент • 12 Маусым, 2025

ТүркПА төрағалығын Қазақстан қабылдады

Бүгін Астанада Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановтың төрағалығымен Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) XIV пленарлық отырысы өтті. Бұл жиын «TURKTIME: парламенттік дипломатияның рөлі» тақырыбында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан • 12 Маусым, 2025

ТМД Экономикалық сотының төрағалығына Герман Нұрбаев сайланды

ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы Асламбек Мерғалиев Минскіде (Беларусь) ТМД Экономикалық соты Пленумының жұмысына қатысты. Қатысушылар арасында мүше мемлекеттердің жоғары сот органдарының өкілдері мен ТМД ЭС судьялары болды, кездесу барысында А.Мерғалиев ТМД ЭС-ның Құрмет грамотасымен марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 12 Маусым, 2025

Қызылорда облысының диқандарына су берілді

Аталған өңір диқандарына суару кезеңі басталғалы 1,28 млрд текше метр су берілген. Облыстағы «Қазсушар» филиалы 982 шаруа қожалығымен су беру туралы келісімшарт жасасып, жалпы алғанда, 126,3 мың гектар егіс алқабын суару үшін 3 млрд текше метрден астам су жіберу жоспарға алынған, деп жазады Egemen.kz.

Қоғам • 12 Маусым, 2025

Биыл көпбалалы отбасыларға қанша жәрдемақы берілді

Жыл басталғалы 613,7 мың көпбалалы отбасыға 221 млрд теңге,  242,2 мың наградталған анаға  32,4 млрд теңге мемлекеттік жәрдемақы берілген, деп жазады Egemen.kz. 

Спорт • 12 Маусым, 2025

23 семсерші Азия бәсекесіне барады

Семсерлесуден Азия чемпионаты – Индонезияның Бали аралында өтеді. Қазақстан құрамасының спортшылары ерлер және әйелдер арасында қылышпен, шпага және рапирамен сынға түседі, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Спорт • 12 Маусым, 2025

Волейболшылар жартылай финалға шықты

Ханойда (Вьетнам) волейболдан әйелдер құрамалары арасында өтіп жатқан AVC Ұлттар кубогінде Қазақстан өз тобындағы соңғы кездесуін  Филиппинмен өткізіп, 3:0 (25:21, 25:15, 25:19) көрсеткішімен жеңілді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Жұмысшы мамандықтар жылы • 12 Маусым, 2025

Тәжірибеден өткен студенттер саны төрт есе артқан

Су ресурстары және ирригация министрлігі мен еліміздегі жетекші ЖОО арасында жасалған меморандумдар шеңберінде былтыр 80 студент өндірістік тәжірибеден өтсе, биыл 339 студент (288 студент университеттерден, 51-і колледждерден) тәжірибе жинаған, деп жазады Egemen.kz.

Экономика • 12 Маусым, 2025

Ел кәсіпкерлеріне жеңілдікпен несие беріледі

Ұлттық экономика министрлігі мен «Бәйтерек» холдингінің қолдауымен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры жеңілдікпен несиелендірудің жаңа «Өрлеу» бағдарламасы іске қосылғанын хабарлады. Бұл құрал микро, шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған, деп жазады Egemen.kz Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қоғам • 12 Маусым, 2025

Отбасының цифрлық картасы тиімділігін көрсетті

Отбасының цифрлық картасын (ОЦК) енгізудің нәтижесінде 2025 жылдың басынан бері әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету үшін 221,6 мың адамға SMS-хабарлама жолданды. Бұл ретте өтініш берусіз жәрдемақы немесе төлем алу мүмкіндігін 116,9 мың адам пайдаланған, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Спорт • 10 Маусым, 2025

Нысана көздеуден Әлем кубогі кезеңінде сайысатын спортшылар

Байрақты дода – Германияның Мюнхен қаласында өтеді, оған Қазақстан құрамасы қатысады, деп жазады Egemen.kz.