
Спорт • 06 Мамыр, 2024
Бокстан Азия чемпионаты: Қазақстан жастар құрамасы 11 «алтын» еншіледі
Бокстан 27 сәуір - 7 мамыр аралығында Астанада өтіп жатқан 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатында жастар санаты бойынша байрақты бәсеке мәресіне жетті. Қыздар – 6 алтын, 3 күміс, 3 қола, жігіттер – 5 алтын, 1 күміс, 6 қола, жалпы айтқанда Қазақстан жастар құрамасы – 11 алтын, 4 күміс, 9 қола медальмен командалық есепте бірінші орын алды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 06 Мамыр, 2024
Қоймаларға жиналған тасқын суы ауыл шаруашылығында қолданылады
Батыс Қазақстан облысының төрт ірі су қоймасы 92%-ға толды. Олардың барлығы штаттық кестеге сәйкес жұмыс істеп тұр. Өңірде су тасқынының екінші кезеңі жалғасып жатыр. Орал қаласындағы Жайық өзенінің деңгейі - 786 см. Ол бір тәулікте 6 см-ге төмендеді. Осы және еліміздің басқа да өңірлеріндегі су қоймаларындағы жағдай туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 06 Мамыр, 2024
Мемлекет басшысы бірқатар заңдарға қол қойды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 06 Мамыр, 2024
Президент ғылым және білім беру туралы өзгеріс енгізілген заңға қол қойды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 06 Мамыр, 2024
Астанада GPT картиналарының фотокөрмесі өтті
«Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акциясы өтіп жатыр. Бұл апта «Мөлдір бұлақ» деп аталады, оның барысында су айдындары – өзендер мен көлдердің айналасы қоқыстан тазартылады. Экоакция аясында GPT нейрожелілік чатының көмегімен жасалған суреттердің фотокөрмесі өтті. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Айбын • 06 Мамыр, 2024
Мереке қарсаңында әскери қызметшілерге құрмет көрсетілді
Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов жеке құрамды Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, мемлекеттік және ведомстволық наградалар табыстады. Салтанатты іс-шараға қорғаныс ведомствосының басшылығы, Қарулы күштер түрлерінің бас қолбасшылары, әскер тектерінің қолбасшылары, әскери бөлімдердің командирлері, әскери қызметшілер мен азаматтық персонал қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 06 Мамыр, 2024
Мемлекет басшысы Сербия Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Мемлекет басшысы Сербия Президенті Александр Вучичпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы • 06 Мамыр, 2024
Алматыда жаңа Ардагерлер аллеясы ашылды
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы мен «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанында Жангелдин атындағы скверде Ардагерлер аллеясының салтанатты ашылуы өтті. Оған екінші дүниежүзілік соғысының және еңбек майданының ардагерлері, зейнеткерлер қатысты. Аллея аға буынға деген ризашылық пен құрмет символына айналды. Іс-шара шеңберінде алаңға 100-ге жуық жапырақты қарағаш көшеті отырғызылды, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы қаласы әкімдігіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 06 Мамыр, 2024
Ортақ әліпби жөніндегі комиссияның екінші отырысы өтті
Бүгін Әзербайжан астанасы Бакуде Түркі әлемінің ортақ әліпбиі жөніндегі комиссиясының екінші отырысы өтті. Аталған жиынды Түркі Академиясы Ататүрік атындағы мәдениет, тіл және тарих жоғары кеңесі жанындағы Түрік тілі қоғамымен бірлесіп және Әзербайжан Ұлттық Ғылым академиясы Насими атындағы Тіл білімі институтының қолдауымен ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz Түркі Академиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Футбол • 06 Мамыр, 2024
Михаил Ломтадзе әлемдік деңгейдегі балалар футбол академиясын құрады
Ағылшын футбол Лигасының келісімін алғаннан кейін Михаил Ломтадзе «Уиком Уондерерс» (Wycombe Wanderers) ағылшын футбол клубының директорлар кеңесінің мүшесі әрі серіктесі болды, оның негізінде 3 жылдың ішінде Қазақстан мен Англияда филиалдар ашылып, әлемдік деңгейдегі футбол академиясы құрылады. Қазақстандағы инвестициялардың жалпы мөлшері 10 миллиард теңгеден асып жығылады, деп хабарлайды Egemen.kz.