Спорт • 06 Мамыр, 2024

Бокстан Азия чемпионаты: Қазақстан жастар құрамасы 11 «алтын» еншіледі

96 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бокстан 27 сәуір - 7 мамыр аралығында Астанада өтіп жатқан 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатында жастар санаты бойынша байрақты бәсеке мәресіне жетті. Қыздар – 6 алтын, 3 күміс, 3 қола, жігіттер – 5 алтын, 1 күміс, 6 қола, жалпы айтқанда Қазақстан жастар құрамасы – 11 алтын, 4 күміс, 9 қола медальмен командалық есепте бірінші орын алды, деп жазады Egemen.kz.

Бокстан Азия чемпионаты: Қазақстан жастар құрамасы 11 «алтын» еншіледі

Фото:boxingkazakhstan инстаграм парақшасы

Жастар санаты бойынша боксшы қыздар алғаш рет 6 алтын иеленді.

Алтыннан алқа таққан қыздар:  

54 келі. Аяжан Сыдық

57 келі. Аяжан Ермек

60 келі. Толғанай Қасымхан

66 келі. Ұлдана Таубай

75 келі. Шұғыла Нәлібай

81 келі. Аружан Зейноллаева

Чемпион болған жігіттер:

60 келі. Алексей Хаванцев

67 келі. Төрехан Сабырхан

71 келі. Өнер Сейілхан

75 келі. Санжарәлі Бегалиев

80 келі. Мадияр Бексұлтанов

Жарыс жеңімпаздары (1-орын — 700$, 2-орын — 400$, 3-орын — 200$) ақшалай сыйақы алды.