Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ертең Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға қатысады.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы бүгін Qazaqstan Barysy Grand Slam халықаралық рейтингтік турниріне барып, Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визермен бірге тамашалады.
Президент сонымен қатар Алатау қаласының ерекше мәртебесіне қатысты шешім қабылдап, «Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды.