Оқиға орнынан түсірілген фото мен видеолар әлеуметтік желілерде тез таралып кетті.
Қалалық әкімдіктің мәліметінше, магистральдық жылу желілеріне жүргізілген гидравликалық сынақтар кезінде диаметрі 500 миллиметрлік жылу құбырында зақым пайда болған. Соның салдарынан люк арқылы су сыртқа атқылаған.
Алматы облысы маңында жеке үйде газ жарылып, 4 адам зардап шекті
Әкімдік өкілдері гидравликалық сынақтардың жылыту маусымына дайындықтың міндетті бөлігі екенін атап өтті. Бұл жұмыстар жылу жүйесіндегі әлсіз тұстарды анықтау үшін жүргізіледі.
«Қалыпты жағдайда жылу жүйесіндегі қысым 11–12 атмосфера болса, сынақ кезінде ол 16 атмосфераға дейін көтеріліп, жасырын ақаулар анықталады. Жұмыс барысында кезекші мамандар желілерді бақылап, ақау шыққан жерлерді дереу жабады», делінген хабарламада.
Тексеру жұмыстары аяқталғаннан кейін мамандар анықталған ақауды жоспарлы түрде қалпына келтіруге кірісетінін мәлімдеді.
Нұрболат АМАНБЕК