Фото: SN.kz
Заң жобасын таныстырған вице-премьер Серік Жұманғариннің айтуынша, енді сайлау процесінің әділдігін қамтамасыз ету үшін бірқатар шектеулер мен жаңа ережелер енгізілмек.
Вице-президент пен Халық кеңесінің жұмысы қалай қаржыландырылмақ? Министр жауап берді
Енді сыбайлас жемқорлық қылмысы, сондай-ақ ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін соттылығы бар азаматтардың сайлау комиссиясының құрамына кіруіне тыйым салынады. Сонымен қатар жеке жауапкершілік тетігі енгізіледі: егер комиссия мүшесі заңды алғаш рет бұзса – ескерту алады, ал алты ай ішінде қайталаса – өкілеттігі дереу тоқтатылады.
Сайлау процесіндегі шектеулерге де бірқатар өзгеріс еңгізілді. Жаңа ережеге сәйкес бір адам бір мезгілде мәслихат депутаты мен әкім лауазымына үміткер бола алмайды. Сондай-ақ бірнеше округте бірдей әкімдікке түсуге шектеу қойылды. Егер кандидаттардың дауысы тең түссе, аумақтық комиссия бір ай ішінде қайта дауыс беруді ұйымдастыруға міндетті.
Асылжан ҚҰРМАНҒАЛИ