Әскер • 11 Тамыз, 2023
Әскери-әуе күштері С-295МW әуе кемесімен толықты
Қорғаныс министрлігі армияның барлық аспектісін дамыту және әскерлерді техникалық жарақтандыру шараларын кешенді түрде жүзеге асырып келеді. Авиациялық парк те жыл сайын жаңа техникамен толығуда. Астана қаласының авиабазасына испандық Airbus Defence and Space компаниясы шығарған жүк көтергіші орташа С-295МW әскери-көлік ұшағы келіп жетті, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 11 Тамыз, 2023
Құрғақшылықтан зардап шеккен диқандардың шығындары өтеледі
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Жамбыл облысының егіншілерімен кездесті. Сеңкібай су арнасы құрылысының барысын тексеріп, вегетациялық кезеңде суды пайдалану тиімділігін арттыру шараларымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 11 Тамыз, 2023
Мәулен Әшімбаев ЕҚЫҰ-ның қазіргі Төрағасымен кездесті
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаев ЕҚЫҰ-ның қазіргі Төрағасы, Солтүстік Македонияның Сыртқы істер министрі Буяр Османимен кездесті. Кездесуде тараптар Қазақстан Парламенті Сенаты мен ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 11 Тамыз, 2023
Жамбыл облысында минералды тыңайтқыштар шығаратын ірі химия кешені іске қосылады
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС ірі химиялық кешенінің құрылыс жобасымен және «Тараз химиялық паркі» АЭА базасындағы жаңа инвестициялық жобалармен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 11 Тамыз, 2023
Қазақстанға бидай әкелуге салынған тыйым мерзімі ұзартылды
2023 жылғы 10 сәуірде бидайды автомобиль көлігімен Қазақстан аумағына, оның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден әкелуге тыйым салу шешімінің уақыты 2023 жылғы 10 қазанда аяқталады. ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен 2023 жылғы 10 тамызда өткен сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК) отырысының шешімімен қатысушылар тыйым салуды белгілі бір шектеулермен тағы алты айға ұзарту туралы ортақ пікірге келді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 11 Тамыз, 2023
Ауқымды жобаны бақылау үшін салааралық интеграция құрылады
Ауқымды жоба пулына енген аграрлық жобаларды бөлу мен іске асырудың тиімділігін (СҚО-ның сүт тауарлары фермаларын салуға қолжетімді несие беру бойынша тәжірибесін енгізу) Ауыл шаруашылығы министрлігі, «Атамекен» ҰКП, жобаға қатысушы әкімдіктер бақылап, бірлесіп жүргізбек. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Үкіметте өткен кеңесте келісілді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 11 Тамыз, 2023
Синоптиктер 12-14 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Марапат • 11 Тамыз, 2023
Бір топ азамат «Ерлігі үшін» медалімен наградталды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Алматыдағы «Ақкент» ықшам ауданында болған өрт кезінде адам өмірін сақтап қалуға байланысты қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін бір топ азамат марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Марапат • 11 Тамыз, 2023
Балаларды құтқару кезінде көз жұмған азаматтың туыстарына құрмет көрсетілді
ҚР Төтенше жағдайлар министрі 2015 жылдың 7 шілдесінде суға батқан балаларды құтқарған Алматы облысының тұрғыны Бірқұрманов Рауанның отбасын марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 10 Тамыз, 2023
Қазақстанда сегіз IT-хаб ашылған, тағы алтауын іске қосу жоспарлануда
Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Ақтөбедегі бірінші аймақтық IT-хабта болды. Іс-шараға Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин, Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов және жергілікті IT қоғамдастығының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.