
Қоғам • 10 Сәуір, 2024
Қарғын судан зардап шеккендер медициналық пойыз қызметімен қамтылады
Денсаулық сақтау министрлігі мен «Samruk-Kazyna Trust» КҚ «Медициналық пойыздар» жобасы шеңберінде жауапкершілікті күшейту және өзара іс-қимылды нығайту бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. «Жәрдем» мамандандырылған медициналық пойызы тұрғындарды білікті тегін медициналық көмекпен қамтамасыз ету мақсатында 20 сәуірде шалғайдағы ауылдарға және станцияларға жүре бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 09 Сәуір, 2024
«Банк қызметкерін сан соқтырған»: Алматы полицейлері күдіктілерді ұстады
Алматы полициясы екінші деңгейлі банк қызметкерін алдаған күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Сенат • 09 Сәуір, 2024
Сенат Төрағасы ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының делегациясымен кездесті
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Орталық Азия бойынша арнайы өкіл Фара Карими бастаған ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының делегациясымен кездесті. Тараптар өзара іс-қимылды, оның ішінде халықаралық ұйымдар аясындағы байланысты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ғылым • 09 Сәуір, 2024
Е.Бөкетов атындағы ҚарУ-ға зерттеу университеті мәртебесі берілді
Үкіметтің 2024 жылғы 5 сәуірдегі қаулысымен академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетіне зерттеу университеті мәртебесі беріліп, оның 2024-2028 жылдарға арналған даму бағдарламасы бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 09 Сәуір, 2024
Ақтөбе облысы мен Қостанай қаласына Қырғызстаннан гуманитарлық көмек жетті
ТЖМ вице-министрі Серік Төленбергенов бастаған ведомство өкілдері Қырғыз елінен келген гуманитарлық көмекті күтіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Сәуір, 2024
15 учаскеде көлік қозғалысына шектеу қойылды
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бірқатар учаскелерінде су тасқыны болып, қозғалысқа шектеу қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Сәуір, 2024
Ипотека 9-20-19: «Наурыз» бағдарламасының шарттары қандай?
«Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшанов пен сату жөніндегі менеджер Мақсат Заитов жаңа ипотекаға кез келген мерзімнің депозиттерімен қатысуға болатынын, алайда, 1 млн теңге жинақ сомасы туралы талап сақталатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 08 Сәуір, 2024
Париж-2024: Назым Қызайбай лицензиялық турнирде жұдырықтасады
Бүгін Астанада Тайландтағы лицензиялық турнирге қатысатын боксшыларды іріктеу сайыстары басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Сәуір, 2024
3 412 үй су астында қалды – ТЖМ өкілі
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Аазаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш су тасқыны салдарынан қанша үй су астында қалғаны туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Сәуір, 2024
Су тасқынынан зардап шеккендердің шығындары қалай өтеледі?
Ел Президенті зардап шеккендердің ешқайсысы назардан тыс қалмайтынын айтқаны мәлім. Су тасқынынан зардап шеккендер санатына жатқызылған азаматтардың шығындары қалай өтеледі? Өзекті ақпарат Үкімет ұсынған мәліметтерде көрсетілген, деп хабарлайды Egemen.kz.