Қоғам • 09 Сәуір, 2024

15 учаскеде көлік қозғалысына шектеу қойылды

52 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бірқатар учаскелерінде су тасқыны болып, қозғалысқа шектеу қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

15 учаскеде көлік қозғалысына шектеу қойылды

Фото: kursiv.media

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, бүгін халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында, дәлірек айтқанда: Атырау, СҚО, Атырау, Қостанай облыстарының жалпы ұзындығы 3730 метрге жететін 8 жол жүру учаскесінде су тасқыны болды.

Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, СҚО, Павлодар облыстарындағы республикалық маңызы бар 15 автомобиль жолында (ұзындығы 731 км) қозғалыс уақытша шектелді.

Аталған өңірлерге 475 бірлік техника мен 548 адам жұмылдырылды.