Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ
Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
2602 материал табылды

Аймақтар • 07 Қазан, 2021

Тоқыма фабрикасы қайта «тіріледі»

Бұған дейін мұнайлы өңірдегі Caspiy Lana Atyrau серіктестігінің тоқыма фаб­рикасы тоқырауға ұшырағалы тұрғанын жазған едік («Тоқыма фабрикасы то­қырағалы тұр», «Egemen Qazaqstan», 29 желтоқсан, 2020 жыл). Алты жыл бұрын жобаны іске қосу үшін «Атырау» ӘКК» АҚ мен «Достан ата» шар­уа қожалығы 2,4 млрд теңге салған. Алайда былтырдан бері тоқыма фаб­рикасы әбден титықтады. Басты себеп – құрылтайшыға бережақтың кө­беюі.

Аймақтар • 07 Қазан, 2021

Күннен жиналатын қуат

Атырау қаласындағы Назарбаев Зият­керлік мектебінде күннен электр қуатын жинайтын станса іске қосылды. «Назар­баев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинованың айтуынша, күн электр стансасы арқылы оқушыларды баламалы энергия саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге баулу жос­парланып отыр.

Аймақтар • 06 Қазан, 2021

Тұрғындар салған көпір

Жылыой ауданындағы Шоқ­партоғай ауы­лының тұрғындары жаяу жүргіншілер көпірін салып жатыр. Балаларының қауіп­сіздігін ойлаған олардың бұдан басқа амалы жоқ.

Оқиға • 04 Қазан, 2021

Атырау облысында көшедегі дәретханадан нәресте табылды

Индер ауданында жас ана жаңа туған нәрестесін көшедегі дәретханаға тастап кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Білім • 01 Қазан, 2021

Ақмарал алған асу

Былтырдан бері педагогтің мәртебесі артып, биыл алғаш рет білім саласының бірнеше өкілі «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағына ие болды. Соның бірі – Б.Нысанбаев атындағы орта мектептің жоғары санатты мұғалімі Ақмарал Ғабдуллина.

Экономика • 30 Қыркүйек, 2021

Қоршаған ортаға қамқорлық

Отандық мұнай-газ өнеркәсібіндегі ең байырғы кәсіпорынның бірі – Атырау мұнай өңдеу зауыты. Жеті қат жер астынан өндірілген «қара алтынды» терең өңдеп, жанармайдың сан алуан түрін шығаратын кәсіпорын қоршаған ортаны қорғауға да баса мән беріп отыр.

Аймақтар • 28 Қыркүйек, 2021

Атырауда 220 мыңнан астам адам онлайн санақтан өтті

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы Атырау облыстық департаментінің басшысы Галя Мұханғалиева мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 24 Қыркүйек, 2021

Қуатовтың қолтаңбасы

Атырауда тәуелсіз елдің ең жоғары марапаты – Қазақстанның Еңбек Ері атағын иеленген бір адам бар. Ол – 40 жылға жуық мұнай-газ өнеркәсібі саласында жұмыс істейтін Руслан Қуатов.

Экология • 21 Қыркүйек, 2021

Заңсыз бөгеттің зардабы

Ойыл өзенінің Атырау облысындағы бөлігі құрғап жатыр. Өйткені оған су келмейді. Оның себебі неде? Бірнеше жылдан бері бұл мәселе әсіресе Қызылқоға ауданының тұрғындарын алаңдатып отыр.

Коронавирус • 19 Қыркүйек, 2021

Ахуал тұрақталғандай, алайда...

Атырауда коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі саябырсығанмен, өңір әлі де «қызыл аймақтан» шықпай тұр. Қазіргі ахуал қандай? Қанша адам вакцина алды? Орталық коммуникациялар орталығының алаңында осы және өзге де сауалдарға жауап берген облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың айтуынша, былтырғы наурыздан бері 49 500 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған.