Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ
Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
2369 материал табылды

Білім • 31 Қаңтар, 2023

ТіkTok және мұғалім әдістемесі

Мектепте ер мұғалім көп емес. Саусақпен санарлықтай аздың бірі – Ислам Қадыров. Қазір ол Атырау қаласындағы №41 мектеп-гимназиясында ағылшын тілінен дәріс береді.

Қоғам • 24 Қаңтар, 2023

Септігі мол цифрлық карта

Атырау облысында өткен жылғы қыркүйекте «Отбасының цифрлық картасы» қанатқақты жобасы іске қосылған еді. Бүгінде жаңа жобаның тиімділігі байқала бастады.

Өнер • 24 Қаңтар, 2023

Көне қоржынның кереметі

Қазақтың этнографиялық құндылығын танытатын жәдігердің қатарында қолөнер шеберлерінің тоқыма бұйымдары да бар. Соның дәлеліндей, көнеден жеткен қоржындардың бір тобы қазір Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында сақтаулы тұр. Өткен аптада музей қызметкерлері 20-ға жуық қоржынды жұртшылық назарына ұсынды.

Аймақтар • 23 Қаңтар, 2023

Қанатқақты жоба – Атырауда

«Құқықтық көмек» қанатқақты жобасының заңгерлері Атырау облы­сына арнайы барып, өңір тұрғындарын толғандырған мәселелерге құлақ түрді.

Экономика • 19 Қаңтар, 2023

Тарифті инвестицияға айырбастау

Тұрғындардың тұрмысына да, көңіл күйіне де әсер ететін жайттың бірі – тариф. Сол себептен тарифті инвестицияға айырбастау жобасы іске асырылмақ. Алайда жыл сайын электр энергиясымен, сумен және жылумен қамту үшін бірнеше миллион, тіпті миллиард теңгенің инвестициясын салып отырмыз дейтін компания­лар келісе ме?

Экология • 16 Қаңтар, 2023

Теңізімізден айырылып қалмасақ игі

Әр пенде үшін де, әр ел үшін де өмірлік қажеттіліктер көп. Оның ішінде өмір нәріне баланған табиғи су айдыны да ең қымбат құндылыққа айнала бастады. Ал өзге елден бастау алатын өзен-көлге тәуелді болып отырған Қазақстан үшін су айдынының тартылуы жақсы нышан емес. Соңғы бірнеше жылдан бері қоршаған ортаның тазалығы үшін дабыл көтеріп жүрген табиғат жанашырлары тек өзен-көлдер ғана емес, Каспийдей жақұт теңіздің де тартыла бастағанына алаңдап отыр.

Аймақтар • 16 Қаңтар, 2023

VIP нөмірге бәрінің бар таласы

Атырауда қымбат көлігіне сандары мен әріптері бірдей VIP нөмір тағатындар қатары аз емес. Олар был­тыр осындай нөмірлер сатып алуға 241 млн 307 мың теңге жұмсаған.

Саясат • 13 Қаңтар, 2023

«Құқықтық көмек» іске қосылды

«Amanat» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов Атырау облысының жұртшылығымен кездесті. Кездесу барысында партия басшысы өңірлік филиал жанындағы кеңес беру орталығының қызметімен танысып, «Құқықтық көмек» партиялық жобасының іске қосылғанын жеткізді.

Қоғам • 12 Қаңтар, 2023

Бес мұғалімге – жайлы баспана

Атырау облысында мектеп мұғалімдері жетіспейді. Сол себептен, Үкімет «Мұғалімдер тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтерді тиісті қолдау шараларының пакетімен тарту қағидаларын бекіту туралы» қаулысын қабылдаған еді.

Аймақтар • 12 Қаңтар, 2023

Жалғас тапқан жәдігерлер

Махамбет ауданының Есбол орта мектебінде тарих пәнінен дәріс беретін Жалғас Таңатов оқушыларды археологиялық қазба жұмыстарына жиі апарып жүр. Өткен жылы ол өзі тұратын ауыл маңынан көптеген тарихи жәдігер тапқан.