Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ
Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
2369 материал табылды

Қоғам • 07 Шілде, 2022

Құс тұмауының кесірі

Каспий теңізінің үстінде қос қанатын сабалап, шарқ ұратын шағала тосын індетке ұшыраған секілді. Атырау облыстық орман шаруа­шылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының бө­лім басшысы Мереке Шалқаровтың айтуынша, «Қашаған» кен орнын игеріп жатқан «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» ком­пания­сының өкілдері 19 маусымда шағаланың жаппай қырылғаны жөнінде жедел хабар берген. Кен орнындағы DS-04 және DS-01 жасанды аралында 2 750 қара шұбар тұқымды шағала қырылған.

Аймақтар • 04 Шілде, 2022

Жамбыл ақынның жәдігерлері

Атырауда Домбыра күніне орай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Ұлы жыраудың асыл мұрасы» атты көшпелі көрме өтті. Жамбыл атындағы әдеби-мемориалды музейі ұйымдастырған көрмеге ақынның тұтынған бұйымдары, оның ішінде екі домбырасы қойылды.

Қоғам • 29 Маусым, 2022

Баладан қашқан безбүйрек

Атырау облысында 8 780 балаға тұрақты алимент төлейтін 5 007 борышкер бар. Алайда бауыр еті – баласына көмек беруден безетін безбүйректер де кездеседі. Қазір 185 адам 290 млн теңгенің алиментін төлеуден жалтарып жүр.

Аймақтар • 28 Маусым, 2022

Электронды бақташының ерекшелігі

Цифрлы технологияны ауыл шаруашылығы саласына да енгізуге болады. Бұл әдісті Құрманғазы ауданындағы «Қараша» шаруа қожалығы қолға алды. Қазір аталған шаруашылықта өріске шыққан мүйізді ірі қара электронды бақташымен бақыланады.

Қоғам • 23 Маусым, 2022

«Жасыл елге» – 138 млн теңге

Жастарды еңбекке баулудың бір жолы – «Жасыл ел» еңбек жасағына тарту. Биыл Атырау облысында атал­ған жобаға 1 756 жас тартылатыны жоспарланып отыр.

Қоғам • 22 Маусым, 2022

Полицияның жаңа моделі

Қоғамның да, халықтың да қорғаны – полицей. Мемлекет тарапынан саладағы құқықтық реформаға ауқымды қолдау көрсетіліп келеді. Ал ішкі істер органында қандай реформа енгізілді? Оның нәтижесі нешік?

Бизнес • 22 Маусым, 2022

Кәсіпкерлікке кедергі көп

Жаңа Қазақстанды құруға қа­дам жасалып жатыр. Демек бәрі жаңаруы қажет. Осы орайда кәсіп ашып, отандық экономиканы өркендетуге үлес қосуды көздейтін кәсіпкерлер жетерлік. Алайда олардың кей­бірі бұрынғыша алдынан кесе-көлденең қойылатын кедергіден құтыла алар емес. Кәсіпкерлер «Атамекен» ҰКП-ның Атырау өңірлік филиалына өздері тап болып отырған 35 мәселені ше­шіп беруді ұсынған.

Қоғам • 22 Маусым, 2022

Тез дайындалатын тағамның тауқыметі

Тез дайындалатын тағамның дәмі тіл үйіретін шығар. Асыққан адамның уақытын үнемдеуіне де қолайлы болар. Алайда дәрігерлер оны нәрлі тағамның қатарына жатқыз­байды. Өйткені түрлі айықпас дертке ұшыратуы мүмкін мұндай тағамның тауқыметі аз емес. Соған қарамастан, бүгінгі қоғамның бар буыны тез тағамға әуестігін тежей алмай отыр.

Аймақтар • 21 Маусым, 2022

Табиғатты тағылық тоздырып тұр

Мұнайлы Атыраудың тұрғындары ауа­ның ластанғаны жөнінде әлсін-әлсін шағым айтады. Әзірге жасыл желек көбеймей тұр. Оның үстіне климаты қаталдау өңірде табиғатқа қарсы тағылық әрекет толастар емес.

Қоғам • 21 Маусым, 2022

Бұралқы ит: дос па, әлде қас па?

«Ит – адамның досы» дейтін түсінік бар еді. Қазір дәл осылай деудің қисыны жоқ. Неге? Өйткені бұралқы ит саны көбейді. Ит те әлі келетін адамды біледі-ау деймін. Әсі­ресе шаһар көшесін шарлаған төрт аяқты хайуан бала­ларға қас жауын көргендей жиі шабуылдайтын болды.